
САЛТАНАТТЫ СӘТ, ӨМІРГЕ ЖАРҚЫН ҚАДАМ
Биылғы оқу жылында «Құмтүйін» жалпы білім беретін мектебін 11-сыныптан – 19 оқушы, 9-сыныптан – 33 оқушы сәтті аяқтап, үлкен өмірге қадам басты. Сонымен қатар, бүгін мектебімізде аттестат табыстау рәсімі өткізілді.
Бүгін, ерекше толқыныс пен қуанышқа толы сәтте, түлектерге аттестаттарды мектеп директоры Шүкирбаев Амирхан мырза салтанатты түрде табыстады. Ол өз сөзінде шәкірттерге жүрекжарды тілектерін арнап, жарқын болашақ, биік мақсаттар мен толағай табыстар тіледі.
11 «А» сынып оқушысы Жандулла Нұрасыл және 11 «Ә» сынып оқушысы Сүйіндік Балауса — «Алтын белгіге» үміткер.
11 «А» сынып оқушылары Сансызбай Мая мен Мақұлбек Әсел, сондай-ақ 11 «Ә» сыныбынан Дүйсенбекұлы Асылжан — үздік аттестат иегерлері.
9 «Ә» сынып оқушылары Әшір Қымбат, Әбілхайыр Әсемай және Құрман Кәусар — үздік аттестатпен марапатталды.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Сонымен қатар, түлектеріміздің ата-аналары жиынымыздың қадірлі қонағы болып, өз тілектерін білдіріп, ұстаздарға алғыс айтты.
Бұл – әр түлектің жүрегінде мәңгі сақталатын, армандарға қанат бітіретін ерекше күн.
Сіздерге өмір жолында ашық аспан, сәттілік пен шабыт серік болсын!
