
Педагогтерді курстан кейінгі қолдау:
кәсіби дамуға бағытталған маңызды қадам!
Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы білім беретін мектепте «Педагогтердің қызметін курстан кейінге қолдауды ұйымдастыру және өткізу мақсатында 03.03-14.03.25 жыл аралығында «Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбында курсқа барған бастауыш сынып мұғалімі Тулебаева Салтанат,Оңтуғанова Дидар «Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамсыз ету» курста үйренген жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің сабақ барысында қолданудың тиімді жолдарымен жаңалықтарын әріптестеріне таныстырып тәжірибесімен бөлісіп қолдану жолдарын үйретті. Директордың бейінді оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Садыкова курстан кейінгі қолдаудың маңыздылығы туралы айтып өтті:
-Тәжірибеге ендіру: Курстарда алған білімді сабақ барысында және ата -аналармен байланыс кезінде тұрақты түрде қолдану.
-Жүйелі мониторинг: Қиындық туындаған жағдайда дер кезінде жұмыс жасау және алдын алу жұмыстарын жүргізу.
-Кәсіби қауымдастық: Педагогтер арасында өзара тәжірибе алмасып, жұмыс жасау барысында өзара көмек көрсету.
ұстаздар курстан алған білімдерін толық ашып айтты және өмірден алынған мысалдармен түсіндірді. Мектеп мұғалімдері қосымша сұрақтар қойып, қосып-алар пікірлерін айтты.
