elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасында Ашық есік күні өткізілді.

4 июня, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Түркістан облысы
0
Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасында Ашық есік күні өткізілді.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Дүниежүзілік темекісіз күніне орайластырылған ұлттық бағдарлама аясында Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасында Ашық есік күні өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары тұрғындарға темекі бұйымдарын шегу зияны көп екенін, салдарынан пайда болатын аурулар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен зиянды әдеттерден арылуға шақыру ниетімен тәттілер ұсынылды.Темекі шегу – адам денсаулығына ең қауіпті зиянды әдеттердің бірі. Оның құрамында 7 мыңнан астам химиялық зат бар, оның ішінде 250-ге жуығы улы, ал 70-тен астамы тікелей қатерлі ісікке әкеледі. Темекі шегу – жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жолдары, асқазан-ішек, жүйке және басқа да ағза жүйелеріне зиян келтіреді.

Бірінші кезекте темекі өкпеге орасан зор зиян тигізеді. Темекі түтініндегі шайыр мен никотин өкпе тіндерін зақымдап, созылмалы бронхит пен өкпе обырының даму қаупін арттырады. Шылым шегетін адамдарда тыныс алу қиындап, ентігу, жөтел сияқты белгілер жиі байқалады. Ұзақ мерзімді темекі шегу өкпенің созылмалы обструктивті ауруына (ХОБЛ) себеп болады.

Темекі жүрек пен қан тамырларына да қауіп төндіреді. Никотин қан қысымын көтеріп, жүрекке түсетін жүктемені көбейтеді. Бұл атеросклероз, инфаркт пен инсультке әкелуі мүмкін. Темекі шегушілердің жүрек ауруларына шалдығу мүмкіндігі темекі шекпейтіндерге қарағанда екі есеге жоғары.

Сонымен қатар, темекі шегу ауыз қуысында, өңеште, асқазанда, бауырда, ұйқы безінде қатерлі ісік дамуына әсер етеді. Темекі түтіні ауыз қуысы мен тістің жағдайын нашарлатып, қызыл иектің қабынуына және тіс түсуіне әкеп соғады.

Жүкті әйелдер үшін темекі тіпті аса қауіпті. Темекі шегетін аналарда түсік тастау, мерзімінен бұрын босану және нәрестенің даму ақаулары жиі кездеседі. Жаңа туған сәбилер әлсіз, салмағы аз болып дүниеге келеді.

Пассивті шылым шегу – яғни басқа адамның темекі түтінін иіскеу де өте қауіпті. Үйдегі, қоғамдық орындардағы шылым түтіні балалардың денсаулығына үлкен зиян тигізіп, демікпе, аллергия және өкпе ауруларына әкелуі мүмкін.

Темекіні тастау – денсаулыққа жасалған ең үлкен жақсылық. Темекіні қойған соң ағза біртіндеп қалпына келеді: бірнеше күн ішінде тыныс алу жақсарып, бірнеше аптада жүрек жұмысы дұрысталады. Бірнеше айдан соң иммунитет күшейіп, ал бірнеше жылдан кейін жүрек пен өкпе ауруларының қаупі едәуір төмендейді.

Темекі – уақытша ләззат, бірақ ұзаққа созылатын зиян. Өмірдің әрбір сәтін таза ауада, салауатты өмір салтымен өткізу – денсаулықтың кепілі.

Алдыңғы пост

Педагогтерді курстан кейінгі қолдау: кәсіби дамуға бағытталған маңызды қадам!

Келесі жаңалық

Түркістан облысының денсаулық басқармасына қарасты, Түркістан Облысы Сэбд , ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі