
«Абай оқулары» – рухани жаңғырудың жарқын көрінісі.
Ұлы ақын, ағартушы, философ, композитор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай елімізде тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі – бүгінгі өткен облыстық «Абай оқулары» байқауының қалалық іріктеу кезеңі. Бұл рухани кештің мақсаты – жастардың бойына ұлттық рухты сіңіру, Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау болатын.
Байқауға Кентау қаласының кітапхана қызметкерлері мен белсенді оқырмандардан құралған жұптар қатысты. Әр кітапханашы өз оқырманын арнайы дайындап алып шықты.
Кентау қалалық орталық балалар кітапханасының оқу залы бөлімінің кітапханашысы Болысбаева Жансая Айтпенбетқызы Бас жүлде иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Оқырманымыз, Ы.Алтынсарин атындағы N1 мектеп — гимназиясының оқушысы Бақытжан Аймерей жүлделі ІІ орын иеленіп, барлық қатысушыларға диплом мен естелік сыйлықтар табысталды.
Байқауға қатысқан әріптесіміз Жансая Айтпенбетқызы мен оқырманымыз Бақытжан Аймерейді шын жүректен құттықтаймыз!
Әріптесіміз Жансая Айтпенбетқызына алдағы облыстық байқауға сәттілік тілейміз!!!
