elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Таным

Түркістан облысының денсаулық басқармасына қарасты, Түркістан Облысы Сэбд , ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

4 июня, 2025
in Таным, Түркістан облысы, Қоғам
0
Түркістан облысының  денсаулық басқармасына  қарасты, Түркістан Облысы Сэбд , ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.
Өткен жылы облыстық зоопаразитологиялық топ құрамдарымен барлығы 781 елді мекенде барлау жұмыстары жүргізілді. Сынама нәтижелері көрсеткендей жиналған 62 918 дана кененің 136-нан Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруының қоздырғышы анықталған. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова мәлімдеді.
«Облыста 2024 жылы Конго-қырым геморагиялық қызбасы ауруына 11 адам шалдыққан. Науқастардың 4-н кене шаққан, 6-ы мал күтімімен айналысқан, ал 1-і табиғи ошақта егістікпен айналысқан. Аталған ошақта эпидемияға қарсы және жұқтыру көзін анықтау мақсатында эпидемиологиялық, зооапаразитологиялық тексеру жұмыстары толық жүргізіліп, қоражайлар мен ауылшаруашылық малдарынан барлығы 3 468 кене жиналып, зерттеу қорытындысы бойынша 16 сынамадан аталған аурудың қоздырғышы анықталды. Айта кетейік, өткен жылы өңірде барлығы – 1 416 тұрғынды кене шағып медициналық ұйымдарға қаралған. Ал биылғы жылдың басынан осы күнге дейін аталмыш ауруды жұқтырған 1 жағдай тіркеліп отыр. Облыс бойынша 2025 жылдың бүгінгі күніне дейін барлығы 597 адамды кене шағып, азаматтар медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Облыс тұрғындарына айтарымыз, кене шаққан жағдайда міндетті түрде емханаларға барып тексерілу керек. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді жолы тазалық сақтап, кене шаққанда дер кезінде дәрігерге жүгіну»-деді спикер.Конго-Қырым геморагиялық қызбасы — адамдарға кенелер арқылы таралатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Бұл вирусты ауру алғаш рет Қырымда, кейін Конго елінде тіркелген, сол себепті аты осылай аталған. Аурудың қоздырғышы — Nairovirus туысына жататын вирус.

Негізгі жұғу жолы — кене шағуы, сондай-ақ вирус жұққан малдың қаны немесе биологиялық сұйықтықтарымен жанасу арқылы беріледі. Ауру кенелермен жанасатын малшыларда, мал дәрігерлерінде жиі кездеседі.

Ауру белгілері: қызу көтерілуі, бұлшық ет пен бас ауыруы, іштің ауыруы, құсу, кейіннен теріден қан кету, ішкі органдардан қансырау секілді ауыр белгілер байқалады.

Алдын алу жолдары: кене шағуынан сақтану, арнайы қорғаныс киімдерін кию, кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу, жұқпалы науқастармен тікелей байланыс жасамау. Бұл ауру адам өміріне өте қауіпті, сондықтан алғашқы белгілер пайда болғанда дереу дәрігерге жүгіну қажет.

Алдыңғы пост

Мақтаарал аудандық «Атакент» ауруханасында Ашық есік күні өткізілді.

Келесі жаңалық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі