
Адамның мұндай шешімге келуіне көбінесе күйзеліс, үмітсіздік, өзін керексіз сезіну себеп болады. Кейде суицид жасағысы келетін адам ішкі жан айқайын сыртқа шығара алмай, үнсіз қиналады. Сол себепті айналамыздағы адамдардың көңіл-күйіне назар аудару өте маңызды. Қарапайым қолдау, жылы сөз, шынайы әңгіме олардың өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін отбасы, мектеп, қоғам бірлесіп жұмыс жасауы қажет. Балалармен ашық сөйлесу, олардың ішкі әлемін түсінуге тырысу, психологиялық қолдау көрсету – бұл үлкен көмек. Сондай-ақ, психолог мамандардың көмегіне жүгіну де тиімді тәсілдердің бірі.
Суицид – шешім емес. Өмірде қиындықтар болғанымен, олардан шығатын жол әрқашан бар. Әр адамның өмірі қымбат, және оны сақтап қалу – баршамыздың міндетіміз. Егер жанымыздағы адам көмекке мұқтаж болса, бейжай қарамай, оған тірек бола білейік.
