
Домбыра үнімен үндескен шаттық.
Домбыра күні мен Астана күніне орай Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде дүние есігін ашқан нәрестелерге құрмет көрсетілді.
Іс-шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов пен аудандық орталық аурухананың басшысы Бекзат Маханбетұлы арнайы қатысып, өмірге жаңа келген сәбилердің ата-аналарын құттықтап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Бұл — ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ел болашағы — сәбилерге деген қамқорлықтың, мейірім мен ізгіліктің көрінісі. Атаулы мерекелер қарсаңында ұйымдастырылған шара перзентханадағы ата-аналар мен медицина қызметкерлерінің көңілін бір серпілтіп, қуаныш сыйлады.
