1 Маусым – Балалар күніне орай ашық есік күні!Балаларға арналған қызықты ойындар мен танымдық тапсырмалар да шараның сәнін келтірді. Кішкентай қонақтарымыз пайдалы ақпарат алып қана қоймай, көңілді уақыт өткізді!Балалардың жарқын болашағы үшін денсаулық – ең басты байлық. Денсаулығы мықты бала – білімге құштар, өмірге белсенді, арманы биік тұлға болып өседі. Денсаулық – тек ауру-сырқаудан аман болу емес, ол дене бітімі мен ой-сананың дұрыс қалыптасуы, жан дүниенің тепе-теңдігі.
Бүгінгі таңда балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту – қоғамның, ата-ананың, мектеп пен дәрігерлердің басты міндеті. Таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану және уақытылы медициналық тексеруден өту – баланың денсаулығының негізі. Сонымен қатар, психологиялық жайлылық пен ата-ананың махаббаты бала өмірінде үлкен рөл атқарады.
Дені сау ұрпақ – ұлт болашағының кепілі. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласының саулығына жауапкершілікпен қарап, оларға салауатты өмір салтын үйретуі қажет. Тек сонда ғана еліміздің болашағы жарқын, келешегі кемел болады.
