Ордабасы ауданы орталық ауруханасының нарколог дәрігері М.А.Сүлейменов және Салауатты өмір салтын қалыптастырушы дәрігерлері Ш.Ш.Жақангер, Р.Н.Өтешова «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасын орындау мақсатында, Мансап орталығында мемлекеттік қызметкерлер арасында темекіге қарсы күрес, есірткінің зияны, лудаманияның зардабы бойынша ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді.
Темекі шегу жүрек қан тамырлар, өкпе аурулары (бронхит, демікпе, өкпе обыры), асқазан аурулары (асқазан жарасы, обырына) бүйректің қатерлі ісігінің дамуына алып келеді. Өйткені темекінің құрамында қатерлі ісік ауруын тудыратын концерогенді заттар көп мөлшерде кездеседі.
Көздің көруі мен есту қабілеті нашарлайды.
Ауыз қуысы мен тамақ обырына жиі шалдығады.
Темекі шегетін болашақ ана әлі туылмаған балаға үлкен зиян әкеледі.
Темекі шегу адамның сыртқы келбетін бұзады (тері қартаяды, түсі сұрланады, тістері қоңырланады және іріңдейді, тырнақтары сарғайып, шаштары түседі, көзі қызарып қабынады, аяқ-қолдарын көгеріп тұрады, жағымсыз иіс пайда болады, адам үнемі жөтеліп жүреді).Лудомания – бұл адамның құмар ойындарға тәуелді болып, ойын ойнауға деген бақылауын жоғалтып, өмірінің барлық саласында қиындықтарға душар болуы. Бұл психологиялық бұзылыс болып саналады және наркомания немесе алкоголизм сияқты ауыр тәуелділіктер қатарына жатады.
Лудомания кезінде адам казино, букмекерлік кеңселер, онлайн ойындар секілді құмар ойындарға көп уақыт пен қаржы жұмсайды. Ойыннан ұту не ұтылу сезімі адамның миындағы қуаныш гормоны – дофаминнің бөлінуіне әсер етеді, соның салдарынан адам үнемі жаңа эмоция іздеп, қайта-қайта ойнауға ұмтылады.
Лудомания белгілеріне мыналар жатады:
– Ақша жоғалтса да, ойнауды тоқтата алмау;
– Қарызға батып, ақшаны ойынға жұмсау;
– Жақын адамдармен жанжал, сенімнің жоғалуы;
– Ойынды жасырын түрде жалғастыру;
– Жұмыс, оқу, отбасы сияқты маңызды істерге көңіл бөлмеу.
Лудоманияның салдары ауыр болуы мүмкін: адам қаржылық күйзеліске ұшырайды, отбасынан ажырасады, психологиялық күйзеліске түседі, тіпті өз-өзіне қол жұмсауға дейін баруы ықтимал.
Емделу жолдарына психотерапия, топтық қолдау (мысалы, Анонимді Лудомандар тобы), медикаментозды ем және отбасылық кеңес беру жатады. Ең бастысы – адам өзінде мәселе бар екенін мойындап, көмекті уақытында қабылдауы