elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ.

14 июня, 2025
in Uncategorized, Білім мен ғылым, Түркістан облысы
0
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ЖЕТІСАЙЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ.
Жетісай аудандық орталық ауруханасының жарақат бөлімінде ауыр жарақатпен түскен 1971 жылы туған науқас Захед Джемиле Яхиаға күрделі ота жасалды. Науқас тұрмыстық жарақат салдарынан сол жақ балтыр сүйектерін орнынан ығысқан түрде сынған. Қосалқы диагноздары: 2-типтегі қант диабеті, ауыр дәрежедегі созылмалы бүйрек жетіспеушілігі және ИПФ декомпенсация сатысында.
Ота бел-жұлын жансыздандыру тәсілі арқылы өткізілді. Мамандар алғаш рет “жабық түрде балтыр сүйектерін блокталатын интрамедуллярлық штифт пен арнайы винттер арқылы қалпына келтіру (репозиция)” отасын сәтті орындады. Бұл — Жетісай аудандық орталық ауруханасында жасалған алғашқы күрделі ортопедиялық оталардың бірі.
Науқастың отадан кейінгі жағдайы бірқалыпты. Қазіргі таңда балдақпен жүріп-тұруға жарамды. Егер жағдайы алдағы 2-3 күн ішінде тұрақты болса, амбулаторлық емге үйіне шығарылуы жоспарланып отыр.
Бұл — Жетісайлық дәрігерлердің кәсіби шеберлігінің, біліктілігінің тағы бір дәлелі.Ортопедия — бұл тірек-қимыл жүйесінің ауруларын, жарақаттарын, олардың алдын алу, диагностикасы және емдеуімен айналысатын медицина саласы. Бұл сала сүйектердің, буындардың, бұлшықеттердің, байламдардың, сіңірлердің және омыртқа жотасының құрылымдарына қатысты патологияларды зерттейді. Ортопед-дәрігерлер туа біткен немесе жүре пайда болған ақауларды, сынықтарды, буын шығуларын, остеохондроз, артрит, артроз, сколиоз секілді ауруларды емдейді. Сонымен қатар, спорттық жарақаттар, кәсіби қызметке байланысты қозғалыс бұзылыстары да ортопедия аясында қарастырылады. Емдеу әдістері консервативті (дәрі-дәрмекпен, физиотерапиямен, ортопедиялық құралдармен) және хирургиялық (жасанды буын салу, сүйек қалпына келтіру) болып бөлінеді. Қазіргі таңда ортопедияда заманауи технологиялар, мысалы, артроскопия, 3D-протездеу, лазерлік терапия кеңінен қолданылады.
Алдыңғы пост

Халық денсаулығы үшін еңбегі еленген фельдшерге «Шапағат» медалі табысталды!!!

Келесі жаңалық

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты. Ы. Алтынсарин атындағы ШЖББМ-де "Балдаурен" жазғы лагерінің жұмысы өз мәресіне жетті!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі