
Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері және өндірілген өнім.
Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың 6 айында тіркелген 6 135 шағын және орта бизнес субъектілері бар.
Олар:
шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 728;
орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 4 («Смарт Ойл», «Централ Азия Мининг», «МұнайҚұрылысСервис, «Саутс Ойл»);жеке кәсіпкер – 2 356;шаруа қожалықтар саны – 3 047.
оның ішіндегі жұмыс істеп тұрғандардың саны 6 027 бірлікке жетті (шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 690,
орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 4, жеке кәсіпкер – 2 306, шаруа қожалықтар саны – 3 027).
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Отырар ауданының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіру көлемі 2024 жылдың ІV тоқсан қорытындысымен 93 млрд. 424 млн. теңгені құрады. Жоспардан 37 млрд. 916 млн. теңгеге артығымен орындалды, НКИ 145.9%. (ІV тоқсан жоспар 55 млрд. 508 млн.тг).
2025 жылы Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім көлемін арттыру 108 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
2025 жылдың І тоқсан қорытындысымен 19 млрд. 332 млн. теңгені құрады. Жоспардан 2 млрд. 536 млн. теңгеге артығымен орындалды, НКИ 137,4%. (І тоқсан жоспар 16 млрд. 796 млн.тг).
Биыл жалпы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын 6 597 бірлікке және шағын және орта кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылған адамдар санын 9 073 бірлікке арттыру жоспарлануда.
6 ай қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік секторында жұмыспен қамтылған адамдар санын 8 546 бірлікке жетті және былтырғы жылмен салыстырғанда 104,8 пайызға артты.
2025 жылы «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы (РИЦ) және «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы көктемгі дала жұмыстарына (егін шаруашылығы), кәсіпкерлік, шағын және орта бизнесті қолдау шараларына 129 жоба (шаруа қожалық) 1 млрд. теңгеге құжат тапсырылды. Бүгінгі таңда 104 жоба 713,0 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Оның ішінде, 2025 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша:
- «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы (РИЦ) арқылы – 68 шаруа қожалық 534,6 млн. теңгеге несие алынды;
- «Ырыс» микро қаржы ұйымы арқылы – 36 шаруа қожалық 178,4 млн. теңгеге несие алынды.
Одан бөлек, аудан бойынша 2025 жылы «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант 400 АЕК көрсеткіш көлемінде (1 572 800 теңге) 69 азаматқа мемлекеттік грант берілу жоспарлануда.
«Turkestan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы 2025 жылы 6 айдың нәтижесінде жобаларды сүйемелдеу және рұқсат құжаттарды рәсімдеу бағыттары бойынша – 1 904 кәсіпкерге қызмет көрсетілген.
