elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

«Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өтті.

29 сентября, 2025
in Аймақ, Білім
0
«Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өтті.
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
2025 жылдың 26 қыркүйек күні Түркістан қаласында Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлы өнертапқышқа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауы өтті.
Аталған байқауға Кентау қаласының білім бөліміне қарасты Кентау оқушылар үйінің робототехника үйірмесінің шәкірттері қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
«Үздік рационализаторлық ұсыныс» бағыты бойынша – Рысбай Омар І-орын иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Мақсат Б.М.
«Автокөліктің қолданыстағы моделін жасау» бағыты бойынша – Хайруллаев Тимур ІІ-орынға ие болды. Жетекшісі: Бектас Ә.Ө.
«Су көлік саласындағы техникалық құрастыру» бағыты бойынша – Насырла Алинұр ІІІ-орынға табан тіреді. Жетекшісі: Елемесова А.С.
Үйірме жетекшілері мен шәкірттерімізге шығармашылық табыс, толағай жеңістер тілейміз! Жетістіктеріңіз құтты болсын!
Робототехника – бұл ғылым мен техниканың бір саласы, ол роботтарды жобалау, жасау және олардың жұмысын басқару жүйелерін зерттейді. Бұл бағыт механика, электроника, информатика және жасанды интеллект сияқты салаларды біріктіреді. Робототехника қазіргі таңда өндіріс, медицина, ауыл шаруашылығы, ғарыш және тұрмыстық салада кеңінен қолданылады. Мысалы, зауыттарда роботтар өнімді жинақтау мен дәнекерлеу жұмыстарын атқарады, ал медицинада дәл операциялар жасауға көмектеседі. Сонымен қатар, білім беру жүйесінде де робототехника ерекше орын алады. Ол оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын және шығармашылығын дамытады. Оқушылар түрлі жобалар жасап, инновациялық идеяларын жүзеге асырады. Болашақта робототехника адам өмірін жеңілдетіп, көптеген қиын және қауіпті жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл сала — заманауи технологияның негізі әрі болашағы зор бағыттардың бірі.
Алдыңғы пост

АТОМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАНЫМДЫҚ САҒАТ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

Төлеби аудандық ауруханасында семинар өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі