«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» байқауының жеңімпаздары!ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» жыл сайын ұйымдастыратын «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының өңірлік кезеңі өз мәресіне жетті.
Педагогикалық идеялар панорамасы – ұстаздардың шығармашылық тәжірибесін таратуға бағытталған маңызды шара. Бұл панорамада мұғалімдер өздерінің озық әдістерін, жаңа технологияларды қолдану тәжірибесін және білім берудегі жаңашыл идеяларын ұсынады. Мұндай іс-шаралар педагогтардың кәсіби шеберлігін арттырып, оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, педагогтар арасында тәжірибе алмасуға және білім беру жүйесін жетілдіруге жағдай жасайды.
Түркістан қаласындағы Ұстаздар үйінде өткен марапаттау рәсімінде Сауран ауданының атынан қатысқан «Аманкелді жалпы білім беретін мектебінің» ұстаздары жүлделі орын иеленіп, аудан абыройын асқақтатты.
Информатика пәнінің мұғалімі, шебер-педагог Спатай Набиға Ғалиқызы мен
Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Құрманбаева Ұмсынай
— өздерінің шығармашылық ізденісі мен кәсіби біліктілігінің арқасында жүлделі орындарға ие болды! 
Айта кетерлігі, биылғы байқауға облыс бойынша мыңнан аса ұстаз қатысып, соның ішінде 42 мұғалім жүлделі орынға ие болды.
Байқау жұмыстары цифрлық платформа арқылы қабылданып, сараптама барысында әр облыстың қатысушыларына басқа облыстардың комиссиясы әділ бағасын берді. Бұл — таза еңбектің, әділ сараптаманың айғағы!
Сонымен қатар, платформа плагиаттық жұмыстарды автоматты түрде анықтайтын жүйемен қамтамасыз етілген.
