elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ.

10 сентября, 2025
in Uncategorized, Білім, Қазақстан, Қоғам
0
ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ-ОРТОПЕДИЯЛЫҚ ОТА СӘТТІ ЖАСАЛДЫ.
Жетісай аудандық орталық ауруханасында алғаш рет аса күрделі, жоғары деңгейдегі мамандандыруды талап ететін «Ашық репозиция және жамбас сүйектеріне металлоостеосинтез жасау» отасы сәтті жүзеге асырылды.
2025 жылғы 27 шілдеде жол-көлік оқиғасынан кейін көптеген жарақаттармен Жетісай аудандық орталық ауруханасына жеткізілген Оразов Усімхан Тұрғараевич есімді науқасқа ауыр диагноз қойылды:
— Ми шайқалуы (ЗЧМТ);
— Жабық кеуде және іш жарақаттары;
— Ішкі ағзалардың зақымдануы (бауыр, ішек);
— Жамбас сүйектерінің екі жақты сынуы;
— Қабырғалардың көпсанды сынуы;
— Ішкі қан кету;
— Жұмсақ тіндердің гематомасы;
— Травматикалық шок II–III дәрежелі.
Науқас ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылып, бірнеше рет өмірлік маңызы бар оталардан өтті. Соның ішіндегі ең күрделісі – жамбас сүйектерінің екі жақты сынуымен, сүйек фрагменттерінің ығысуымен орындалған ашық репозиция мен металлоостеосинтез.
Бұл жетістік – аурухана басшысы Бейбіт Орынбековичтің тікелей бастамасымен, сапалы медициналық көмекті жергілікті тұрғындарға қолжетімді ету жолындағы нақты қадамының нәтижесі. Бүгінгі таңда аурухана сапалы медициналық қызмет көрсету бағытында жүйелі түрде дамып, заманауи оталар мен ем-шараларды өз деңгейінде іске асырып келеді.
Науқастың жағдайының ауырлығына байланысты оған бір апта ішінде бірнеше рет ірі көлемдегі операциялар жасалды:
— 28.07.2025 ж. – іш қуысына лапаротомия (бауыр мен ішек жарақаттарына гемостаз, дренаждау);
— 31.07.2025 ж. – жабық репозиция және ішкі фиксация;
— Ең бастысы – ашық репозиция және жамбас сүйектеріне металлоостеосинтез жасау отасы.
Бұл ота — аурухана тарихында алғаш рет орындалды. Бұған дейін мұндай күрделі травматологиялық араласулар үшін науқастар облыс орталығына немесе республикалық клиникаларға жіберілетін. Енді бұл мүмкіндік Жетісай ауданында да қолжетімді болып отыр.
Отаны жүргізген кәсіби топ:
— П.Ж. Сыдыков – травматолог
— М.Б. Бугибаев – бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, травматолог;
— Н.Б.Шойбеков анестезиолог-реаниматолог
— А.Т.Мырзабеков жалпы хирург;
Металлоостеосинтез – бұл сүйек сынған бөліктерін арнайы темір құрылғылармен біріктіру әдісі. Бұл әдіс пациенттің сүйектерін қалпына келтіруде жоғары тиімділікке ие және қозғалыс функцияларын тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Аталған ота — Жетісай аудандық орталық ауруханасының техникалық, кәсіби және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің нәтижесі. Мұндай жоғары деңгейдегі ем-шаралардың аудан көлемінде жасалуы – тұрғындарға сапалы медициналық көмекті жақындатудың нақты көрінісі.
Бұл жетістік — тек бір науқастың өміріне араша түсу емес, Жетісай медицинасының жаңа даму кезеңі екенін мақтанышпен хабарлаймыз!

 

Алдыңғы пост

10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні.

Келесі жаңалық

«Language is the road map of a culture » тақырыбында мерекелік шара өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі