elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

«ДЕНІ САУДЫҢ — ЖАНЫ САУ” ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

1 октября, 2025
in Аймақ, Білім, Әлеумет
0
«ДЕНІ САУДЫҢ — ЖАНЫ САУ” ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«ДЕНІ САУДЫҢ — ЖАНЫ САУ” ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Дені саудың — жаны сау» тақырыбы аясында Жетісай аудандық орталық ауруханасының учаскелік дәрігерлері ардагерлердің үйлеріне арнайы барып, мерекелік құттықтау ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ақ халатты абзал жандар қазыналы қарттардың хал-жағдайын біліп, денсаулықтарын тексеріп, кәсіби кеңестерін берді. Сонымен қатар, жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бұл игі бастама аға буын өкілдеріне деген құрмет пен қамқорлықты арттырып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісіне айналады.Қазақ халқы ежелден үлкенге құрмет көрсетіп, қарияларды қоғамның қазынасы деп таныған. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деген дана сөз бекер айтылмаған. Өйткені қарттар – ұлттың тарихы мен руханиятын, өмірлік тәжірибесін, ұрпаққа аманат етер асыл дәстүрін сақтаушылар. Олардың көрген-білгені мен ақылы – кейінгі буын үшін баға жетпес қазына.

Қарттар – елдің айнасы. Олардың өмір жолы, еңбекке сіңірген үлесі мен өмірлік тәжірибесі жастарға өнеге. Көпті көрген, өмірдің ащысы мен тұщысын татқан қариялар ел бірлігі мен татулықтың тірегі. Қазақ даласында ақсақалдың сөзі заң болған, үлкеннің батасын алған жас азамат рухани қуатқа ие деп сенген. Осындай дәстүрлердің арқасында халқымыз ұрпақтар сабақтастығын сақтап келген.

Бүгінде де қарттарға қамқор болу – қоғамның, әрбір азаматтың борышы. Қарттар күнімен ғана емес, жыл бойы үлкендерге құрмет көрсету – адамгершілік пен мәдениеттіліктің белгісі. Олар бізге өткеннің өнегесін үйретіп, болашаққа бағыт береді. Сондықтан әрбір жас буын ата-анасын, ата-әжесін қадірлеп, олардың еңбегін бағалауы тиіс.

Мемлекет те қарт адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша көңіл бөледі. Зейнетақы төлемдері, медициналық көмек, әлеуметтік қолдау шаралары арқылы олардың өмір сүру сапасы арттыру көзделген. Бірақ материалдық қамқорлықтан да маңыздысы – рухани қолдау, жылы сөз, көңіл бөлу. Қарт кісінің жүзіндегі жылылық – мейірім мен сүйіспеншіліктен туады.

Қарттарға құрмет – өзімізге құрмет. Өйткені бүгінгі жастар – ертеңгі қарттар. Егер біз бүгін үлкенге ізет көрсетсек, ертең бізге де сондай сыйластық қайтады. Сондықтан қарттарымызды қадірлеу, оларға қамқор болу – ұлттық тәрбиенің ажырамас бөлігі.

Қорыта айтқанда, қарттар – халқымыздың рухани тірегі, мәдени мұрасы мен өмірлік мектебі. Олардың ақылы мен батасы – ұрпаққа бағыт, өмірге нұр шашатын шамшырақ. Сондықтан «Қарттар – біздің қазынамыз» деген сөз мәңгі мәнін жоғалтпайды.

Алдыңғы пост

МӘМС жүйесі бойынша мектеп бітіруші түлектерге түсіндіру жұмыстары басталды!

Келесі жаңалық

БОЛАШАҚ МАМАНДАРҒА -БІЛІКТІ МАМАНДАРДАН БАҒЫТ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі