ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ.Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері қызметіне Чалкаров Алимкан Бакирович тағайындалды.
Алимкан Бакирович – медицина саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1983 жылы дүниеге келген.
Білімі:
• 2001–2007 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» мамандығы.
• 2007–2008 жж. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, интернатура, «Жалпы тәжірибелік дәрігер».
• 2019–2021 жж. – Орталық-Азия Инновациялық университеті, «Экономика ғылымдары» магистрі.
Еңбек жолы:
• 2008 жылдан бастап Сарыағаш аудандық ауруханасында жалпы тәжірибелік дәрігер, кейін «Абай» Сарыағаш аудандық емханасында дәрігер-нарколог, статист-дәрігер, бас дәрігердің орынбасары, емхана меңгерушісі болып еңбек етті.
• 2017–2022 жж. – Сарыағаш аудандық емханасында бас дәрігердің сапа жөніндегі орынбасары.
• 2022–2023 жж. – «Нұр-Сая» клиникасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары.
• 2023 ж. – Қазығұрт аудандық орталық ауруханасында, кейіннен Абай-Келес аудандық ауруханасында бас дәрігердің орынбасары.
• 2023–2024 жж. – Ленгер қалалық емханасында бас дәрігердің уақытша міндетін атқарушы, кейін бас дәрігер.
Біліктілігін жетілдіру мақсатында Италия, Испания сынды шетелдік университеттерде кәсіби курстардан өтті. Психиатрия, наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология және сот-психиатриялық сараптама салалары бойынша жоғары біліктілік санаттарына ие.
Марапаттары:
• ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» (2013 ж.).
• «Ынтымақ жолы» қоғамдық қорының «Елге сіңірген еңбегі үшін» «Алтын дәрігер» медалі (2020 ж.).
Алимкан Бакирович жаңа қызметінде облыс тұрғындарының психикалық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмысты дамытып, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді басты мақсат етіп отыр.
