«Бір бірлестік – бір кітап» жобасы аясындағы тағылымды кездесу.
⠀
А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп кітапханасында «Адал азамат: Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде «Кітапхана» жобасы жүзеге асырылуда.
⠀Осы орайда кітапханашы П.Жусипованың ұйымдастыруымен ізгілікті пәндер бірлестігі мұғалімдері арасында Дулат Исабековтің «Сүйекші» повесін талдау өтті.
⠀ Талқылау барысында:
• Шығарманың басты тақырыбы – өмір мен өлім арасындағы таңдау, ар-ождан және жауапкершілік;
• Автордың тарихи сана мен ұлттық рухты жеткізу шеберлігі;
• Психологиялық тереңдік пен кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесі – шығарма жанрының көркем ерекшелігі екендігі айтылды.
⠀ «Сүйекші» – тек әдеби туынды емес, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтар туралы сыр шертетін терең философиялық дүние екені анықталды.
⠀Мұндай шаралар мұғалімдер арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, рухани-танымдық өрісті кеңейтуде маңызы зор.Адал азамат – қоғамның тірегі, ел болашағының кепілі. Адалдық – адамның ең жоғары адамгершілік қасиеттерінің бірі. Ол балалық шақтан бастап қалыптасады және отбасындағы, мектептегі, қоғамдағы тәрбиенің нәтижесі болып саналады. Біртұтас тәрбие жүйесінде адалдық тек жеке қасиет емес, ұлттың рухани мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Адал азамат болу – шыншылдықты, әділдікті, жауапкершілікті, ар-ұят пен намысты биік ұстау деген сөз. Мұндай адам өз ісіне адал, еңбегіне адал, еліне адал болады. Ол өз пайдасын емес, қоғамның игілігін ойлайды. Адалдық адамның мінез-құлқында, іс-әрекетінде, сөйлеген сөзінде, өзгелермен қарым-қатынасында көрініс табады.
Біртұтас тәрбие ұғымы – адамның жан-жақты дамуын, рухани және моральдық тұрғыдан жетілуін қамтиды. Мұндай тәрбиенің негізінде ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр мен әдеп қағидалары жатыр. Отбасында берілетін дұрыс тәрбие, мектептегі білім мен қоғамдық ортада сіңірілетін мәдениеттілік – барлығы бірігіп, адал азаматтың тұлғалық бейнесін қалыптастырады.
Қазіргі заманда адалдық қасиетінің мәні одан әрі арта түсті. Ақпарат көп, мүмкіндіктер мол болған қоғамда адамды тура жолда ұстайтын басты бағдар – ар мен ұят, адалдық пен әділдік. Әр жас ұрпақ өз бойында осы қасиеттерді дамытса, елдің болашағы да жарқын болмақ.
Сондықтан адал азамат тәрбиелеу – әрбір ата-ананың, ұстаздың және қоғамның ортақ міндеті. Біртұтас тәрбие арқылы қалыптасқан адал ұрпақ қана мемлекеттің дамуына, қоғамның өркендеуіне өз үлесін қоса алады.