АДАЛ АЗАМАТ — ЕЛ БОЛАШАҒЫ.Жиналыс мақсаты: ЕББҚ ететін оқушылардың ата-аналарына адал азамат тәрбиелеу, баланың даму ерекшеліктерін түсіндіру, мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығын арттыру, инклюзивті білім берудегі бірлескен қолдаудың маңыздылығын түсіндіру.Адалдық — адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал азамат өз ісіне, еліне, Отанына шын ниетімен қызмет етеді. Мұндай адам өтірік, жалғандық, алаяқтық сияқты теріс әрекеттерден аулақ болып, әрқашан әділдік пен шындық жолында жүреді. Ел болашағы — осындай адал азаматтардың қолында, себебі мемлекеттің дамуы мен өркендеуі азаматтардың жауапкершілігіне, еңбегіне және адамгершілігіне байланысты.
Адал адам өз пайдасын ғана ойламай, қоғамның игілігіне де үлес қосады. Ол өз еңбегімен өзгелерге үлгі болады, еңбекқорлығымен, ізгі ісімен халықтың сеніміне ие болады. Мысалы, адал ұстаз өз оқушыларына білім мен тәрбие берсе, адал дәрігер науқастың саулығын бірінші орынға қояды, ал адал басшы халқының мүддесін қорғайды. Әр адам өз ісінде адал болса, қоғамда әділдік пен сенім орнайды.
Адалдықтың бастауы — отбасындағы тәрбие. Балаға кішкентайынан шыншылдық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер сіңірілсе, ол болашақта еліне адал қызмет ететін азамат болып өседі. Сондықтан әр отбасы мен мектеп жас ұрпаққа адалдықтың мәнін түсіндіріп, үлгі көрсетуі қажет.
Бүгінгі таңда еліміздің өркендеуі үшін адал, білімді, еңбекқор жастар қажет. Себебі тек адал азамат қана қоғамның дамуына үлес қосып, еліміздің беделін арттыра алады. Халқымыздың “Адалдық — адамның айнасы” деген сөзі бекер айтылмаған. Адалдық — сенімнің негізі, ал сенім — мемлекеттің іргетасы.
