
Сауран ауданында оқыту семинары болып өтті.
Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2025 жылғы 29 қазан күні Сауран аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелеріндегі келісу комиссияларының мүшелеріне «Білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуы», «Еңбек даулары және оларды шешу жолдары. Келісу комиссиясының жұмысын ұйымдастыру» тақырыптары бойынша оқыту семинары болып өтті.
Семинарды Сауран аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ф.Рысбекова жүргізіп отырды. Оқыту семинарына Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының бөлім басшысы Ғ.Ақбердиев, ҚР ЕжХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы М.Төленов және білім беру мекемелерінің басшылары, келісу комиссияларының мүшелері мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
М.Төленов және Ғ.Ақбердиев семинарға қатысушыларға мекемелердегі келісу комиссияларының жұмысының маңыздылығы мен жауапкершілікті талап ететіндігі жайлы айтып, тақырыпқа байланысты лекция оқыды.
Семинарға қатысушылар тақырыптар бойынша баяндама жасаушыларға қосымша сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, өздеріне қажетті мәліметтерге ие болды. Қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан оқудан өткендігін куәландыратын арнайы сертификаттар табыс етілді.
