ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ.
Бүгін, 25 қазан – Республика күні қарсаңында және қала күні мерекесіне орай Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, тұрғындармен тілдесті. Қала әкімі жәрмеңке барысында өнімдердің сапасы мен бағасына назар аударып, қала халқымен пікір алмасты.
Жәрмеңкеге қала мен облыс аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, тұрғындарға бірнеше тонна сапалы әрі экологиялық таза өнімдерін ұсынды.(Экологиялық таза өнім – бұл адам мен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, табиғи ресурстардан өндірілген және құрамында синтетикалық қоспалар жоқ өнім. Мұндай өнімдер өндіріс процесінде экожүйеге теріс әсер етпейді, табиғи шикізаттан жасалады және биологиялық тұрғыдан ыдырайтын материалдардан тұрады.
Экологиялық таза өнімдерге таза тағамдар, органикалық көкөністер мен жемістер, химиялық қоспасыз сусындар, органикалық тоқыма бұйымдары, табиғи косметика және экологиялық қаптамалар жатады. Мысалы, органикалық көкөністерде пестицидтер мен гербицидтер жоқ, ал табиғи косметика құрамында синтетикалық ароматизаторлар мен парабендер болмайды.
Бұл өнімдер тек адам денсаулығына ғана емес, сонымен қатар топырақтың, судың, ауаның тазалығына да оң әсерін тигізеді. Оларды таңдау арқылы тұтынушылар табиғи ресурстарды сақтап, экологиялық балансты қолдауға үлес қосады. Сонымен қатар, экологиялық таза өнімдер көбінесе этикалық өндіріс принциптерін сақтайды, яғни жануарларға қаталдық көрсетпей, әділ еңбек жағдайында өндіріледі.)
Сауда сөрелерінде ұн, күріш, макарон, көкөніс, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант секілді әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарықтағы бағадан 30–50 пайыз төмен бағамен сатылды.
Жәрмеңке барысында қала тұрғындарына тиімді баға мен кең ассортимент ұсынылып, мерекелік көңіл-күй қалыптасты. Мәселен, сиыр еті – 2500 теңгеден, жылқы еті – 2800 теңгеден, ал жұмыртқаның данасы – 45 теңгеден сатылды.