elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

25 ноября, 2025
in Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
ТҮРКІСТАНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН МӘДЕНИ БАҒДАРЛАМА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында өңірге келген шетелдік инвесторларға арнайы мәдени бағдарлама ұсынылды.
Түркістан қаласының инвестиция тартудағы басымдықтардың бірі- қаланың туризмдік әлеуеті. Тарихи мұра, мәдени орталықтар мен Қ.А.Ясауи кесенесін айнала қалыптасқан жаңа туристік бағыттар – шетелдік қонақтардың ерекше қызығушылығын тудыруда.
Бүгін форум аясында келген делегация өкілдері мен инвесторларға қазақ мәдениеті таныстырылды. Мәдени бағдарлама Этноауыл аумағында басталып, қонақтарға ұлттық тұрмыс пен мәдени құндылықтарды таныстыратын интерактивті қойылымдар көрсетілді. Қазақ халқының өмір салты, дәстүрлі өнер түрлері және ұлттық тағамдарды әзірлеу үдерісі ұсынылды.
Сонымен қатар шетелдік қонақтар Қолөнершілер орталығын аралап, өңірдің дәстүрлі қолданбалы өнерімен танысты. Инвесторларға зергерлік, ағаш ою, тері өңдеу, керамика және киіз бұйымдарын жасау үдерісі көрсетілді. Шеберлер әр туындының жасалу технологиясы мен тарихи ерекшеліктері таныстырылды.

Мәдени бағдарлама Түркістанның рухани және тарихи мұрасын жан-жақты таныстыруға, сондай-ақ өңірдің туристік және инвестициялық әлеуетін арттыруға бағытталды.Инвестиция – бұл белгілі бір активке немесе жобаларға ақша, уақыт, еңбек немесе ресурстар салу арқылы болашақта пайда табу мақсаты. Қарапайым тілмен айтқанда, инвестиция – бұл «қазіргіде жұмсалған ресурстың болашақтағы табысқа айналуы». Инвестиция әртүрлі формада болуы мүмкін: қаржылық, материалдық, интеллектуалдық немесе адам капиталына салынған инвестициялар.

Қаржылық инвестиция – бұл акцияларға, облигацияларға, депозиттерге немесе криптовалютаға салынған қаражат. Мақсаты – капиталдың өсуі немесе дивиденд түрінде тұрақты кіріс алу. Мысалы, адам акция сатып алып, компанияның табысына үлес алады.

Материалдық инвестиция – бұл өндірістік құрал-жабдықтарға, жылжымайтын мүлікке немесе инфрақұрылымға салынған инвестициялар. Бұл инвестиция түрі бизнесті дамытуға және ұзақ мерзімді пайдаға бағытталған. Мысалы, фабрикаға жаңа жабдық орнату өндіріс көлемін арттырады.

Интеллектуалдық инвестиция – білімге, ғылыми-зерттеу жұмыстарға, технологияға және инновацияларға салынған қаражат немесе күш. Мұндай инвестиция арқылы жаңа өнімдер немесе қызмет түрлері пайда болады, бұл компанияның немесе экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Адам капиталына инвестиция – бұл қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, оқыту курстарына, кәсіби дамытуға салынған инвестициялар. Білім мен дағдысы жоғары қызметкер компанияға көп пайда әкеледі.

Инвестицияның негізгі қағидалары: тәуекелді басқару, диверсификация жасау (қаражатты бірнеше бағытқа бөлу), ұзақ мерзімді жоспарлау және нарықты зерттеу. Әр инвестиция белгілі бір тәуекелмен байланысты, сондықтан шешім қабылдағанда стратегия мен мақсат айқын болу керек.

Алдыңғы пост

Тұрғын үй сертификаттары.

Келесі жаңалық

«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025».

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі