elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ЖАЛҒАСУДА.

14 ноября, 2025
in Аймақ, Таным, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ЖАЛҒАСУДА.
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН АШЫҚ ДИАЛОГ ЖАЛҒАСУДА.
Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының халықпен көшпелі кездесуі Яссы секторы тұрғындарымен жалғасты.
Кездесу барысында қала басшысы сектор аумағында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын тыңдады. Осыған дейінгі Яссы секторы тұрғындарымен кездесуде 23 мәселе көтерілсе, оның 8-і дер кезінде шешімін тапса, 15-і кезең-кезеңімен, кейбірі заң аясында жүзеге асырылуда.
Бүгінде Яссы мөлтек ауданындағы ауыз сумен қамту деңгейі 99,5 пайызды құрайды. Кәріз жүйесін жетілдіру мақсатында екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Яссы және Ыждыхат тұрғын үй массивтерін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» жобасы. Жоба толық іске асқанда Оралман аумағындағы ескі желілер мен насостар жаңартылып, жүйе тұрақты жұмыс істейтін болады.
Электрмен қамту мәселесін шешу мақсатында 2026 жылы жоғары кернеулі желілерге «реклоузер» құрылғыларын орнату және 6 жаңа тарату пунктін салу көзделген. Бұл шара апатты жағдайлар санын 40–50 пайызға азайтады деп күтілуде.
Абаттандыру саласында да біршама жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Кентау тасжолының бойында балалар ойын алаңы пайдалуға берілсе, алдағы айда Хақназар хан көшесіндегі жабық футбол алаңының жасөспірімдердің игілігіне берілмек. Сонымен қатар, Көккөл, Пальма сквері, Жолбарыс хан және өзге де көшелердегі 15 ойын және воркаут алаңы жөндеуден өтті.
Жол инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 70 шақырымнан астам 89 көшеде асфальт төсеу жоспарланып, 84 көшеде жұмыс толық аяқталған. Қала аумағындағы аялдамалар саны 683-ке жетіп, биылғы жылы Яссы секторына қосымша 34 аялдама орнатылды.
Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Әзімбек Пазылбекұлы әрбір өтініш назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.
Айта кетейік, қала әкімінің көшпелі кездесулері ертең, 14 қараша күні сағат 10:30-да Шауғар секторының тұрғындарымен жалғасады. Кездесу Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектепте өтеді.Ашық үкімет – бұл мемлекеттік органдардың қызметінде ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуге бағытталған басқару моделі. Мұнда азаматтар үкіметтің шешімдері мен іс-әрекеттерін бақылап, пікір білдіруге, ұсыныс жасауға мүмкіндік алады. Ашық үкіметтің негізгі принциптері – ақпаратқа қолжетімділік, азаматтық қатысу және мемлекеттік басқарудағы есептілік.

Ақпаратқа қолжетімділік принципі бойынша мемлекеттік органдар өз қызметі туралы деректерді ашық түрде жариялайды. Бұл бюджеттің жұмсалуы, мемлекеттік жобалардың жүзеге асуы, заңнамалық актілердің жобалары сияқты ақпараттарды қамтиды. Азаматтық қатысу арқылы халық мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатыса алады, қоғамдық тыңдауларға, сауалнамаларға және ұсыныстар жасауға мүмкіндік беріледі. Есептілік қағидаты мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекеттері мен шешімдері үшін жауапкершілігін күшейтеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге ықпал етеді.

Ашық үкіметтің нәтижесінде азаматтар мемлекеттік саясатқа белсенді араласып, қоғам мен билік арасындағы сенім артады. Бұл модель демократиялық принциптерді нығайтып, әлеуметтік әділдік пен тиімділікті арттыруға бағытталған.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА КЕЗЕКТІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

ҚАЛА ӘКІМІ АБАТТАНДЫРУ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі