elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

ТҮРКІСТАНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ.

1 ноября, 2025
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ.
Бүгін Түркістан қаласында 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік шараға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, маслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысып, ардагерлерді құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
Әзімбек Пазылбекұлы құттықтау сөзінде қарттар қоғамның рухани тірегі әрі жас ұрпаққа үлгі екенін атап өтіп, олардың амандығы мен бақыты – басты құндылық екенін жеткізді.
— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында қарттардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, әлеуметтік жағдайын жақсарту және тұрмыс сапасын көтеру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының халық саны 240 422 адамды құрайды. Оның ішінде 17 522 зейнеткер, сондай-ақ 255 тыл ардагері бар. Олар қоғамдық ұйымдар жұмысына белсене атсалысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда,- деп алғысын білдірді қала басшысы.
Түркістан қаласында зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 2021 жылы қала әкімдігінің қаулысымен «Әлеуметтік қызметтер орталығы» құрылған болатын. Аталған орталық жыл сайын мыңдаған азаматтарға сүйемелдеу мен әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді.
Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап қалада «Белсенді ұзақ өмір» орталығы жұмыс істеп, жылына шамамен 2000 зейнеткерді қамтып келеді. Қосымша сұраныстарға байланысты 2023 жылы Сандыбай көшесінде №1 бөлімше, ал 2024 жылы Б.Саттарханов даңғылында №2 бөлімше ашылды. Әр бөлімше жылына 1200-ге жуық зейнеткерге қызмет көрсетілуде.
Бүгінде орталықтарда әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық, ағартушылық, экономикалық, еңбек және демалыс бағыттары бойынша қызметтер ұсынылады. Ағымдағы жылы 3244 азамат, оның ішінде 2604 зейнеткер орталықтың түрлі іс-шаралары мен үйірмелеріне белсенді қатысқан.
Қала әкімдігі алдағы уақытта да ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырып, қарттардың белсенді әрі мәнді өмір сүруіне жағдай жасай бермек.
Алдыңғы пост

АУДАНДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МЕН ANEX TOUR КОМПАНИЯСЫ ТУРИСТІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі