elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

АУДАНДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

31 октября, 2025
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Экономика
0
АУДАНДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АУДАНДА КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.
Бүгін ауданда кәсіпкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ержан Оралбай, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы Отырар аудандық филиалының директоры Ұлан Абдрахимов, сондай-ақ ауданның белсенді кәсіпкерлері мен қонақтар қатысты.
Мерекелік іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Тоқсейіт Елекеев аудан кәсіпкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Ол өз сөзінде: «Кәсіпкерлер – ел экономикасының тірегі, қоғам дамуының қозғаушы күші. Сіздердің табандылықтарыңыз бен іскерліктеріңіздің арқасында ауданда жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Мемлекет тарапынан бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, өңірдің өркендеуіне атсалысып жүрген барша кәсіпкерлерге алғыс айтамын», – дей келе бірқатар кәсіпкерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.
Сондай-ақ, мерекелік жиында аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов аудан экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан кәсіп иелерінің кеудесіне «Отырар ауданының 90 жылдығы» мерекелік төсбелгісін тақты.
Кәсіпкерлерге құрмет көрсету рәсімінде кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Ержан Оралбай мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Ұлан Абдрахимов, кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Нұржан Орынбасар құттықтау сөз сөйлеп, сала мамандарын арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Айта кетусек, биылдан бастап 29 қазан ресми түрде Қазақстан кәсіпкерлері күні болып бекітілді. Бұл мерекенің дәл осы күнге белгіленуі тегін емес — 2015 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданған болатын. Кодекс еліміздегі бизнес жүргізу саласындағы негізгі қағидаттарды біріктіріп, кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырған маңызды құжат саналады.
Мерекелік іс-шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасын тамашалады.
Алдыңғы пост

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ АТШАБАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі