elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

TURKISTAN MARATHON ШЕТЕЛДІК ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ.

26 октября, 2025
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Спорт, Түркістан облысы
0
TURKISTAN MARATHON ШЕТЕЛДІК ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
TURKISTAN MARATHON ШЕТЕЛДІК ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ.
Бүгін Түркістан қаласында дәстүрлі Turkistan Marathon – 2025 өтті. Биылғы жарысқа 3 000-нан астам әуесқой және кәсіби спортшы қатысып, қасиетті қаланың көшелерімен жүгіріп өтті. Марафон шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты — 365 шетелдік спортшы әлемнің түрлі елдерінен келіп бақ сынады.
Шараның ашылу салтанатында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, марафонның бұқаралық спортты дамытудағы маңызын атап өтті.
– Киелі Түркістан төрінде бастау алған «Turkistan Marathon – 2025» жарысына қош келдіңіздер!
Бұл – тек тәннің емес, рух пен жігердің сынағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында ұлт саулығын нығайту мен бұқаралық спортты дамытуға ерекше назар аударады.
Марафон – салауатты өмір салты мен бірліктің мерекесі. Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелден келген спортшылар Түркістанда бас қосып отыр. Мұндай халықаралық деңгейдегі шаралар өңірдің туристік және спорттық әлеуетін арттырады, – деді қала әкімі өз сөзінде.
Марафонда қатысушылар 42,2 км, 21,1 км, 10 км, 10 км скандинавиялық жүріс, сондай-ақ 3 км балалар қашықтығы бойынша бақ сынады. Жарыс нәтижелері World Athletics және AIMS сертификаттары арқылы халықаралық деңгейде мойындалады.
Аталған нәтижелер биылғы Turkistan Marathon – 2025 тарихындағы ең жоғары көрсеткіштер болып тіркелді. Андрей Петров ерлер арасында 42,2 км қашықтықты 2:16:58 уақытта еңсеріп, бұрынғы үздік нәтижені жаңартты. Әйелдер арасында Екатерина Тунгускова 2:40:45 көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кессе, 10 км қашықтықта Алишер Ахматалиев 30:31 нәтижемен жеке және жарыс рекордын орнатты. Осылайша биылғы марафон үш бірдей жаңа рекордпен есте қалды.
Қатысушылардың басым бөлігі Қазақстан қалаларынан келді . Ең жасы үлкен спортшы – 91 жастағы Салиха Зигангерова. Ең көп өкілдік еткен шетелдіктер қатарында Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей бар. Сонымен қатар марафонға Азия және Тынық мұхиты аймағынан, Еуропадан, Солтүстік және Латын Америкасынан, Африкадан және Таяу Шығыстан да спортшылар арнайы қатысты.
Жарыс соңында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттап, қатысушыларға белсенділігі мен салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, биыл Turkistan Marathon алғаш рет Turkic Alliance of Long Runs (TAN) құрамына енді. Бұл – түркі мемлекеттерінің ұзақ қашықтықтағы жүгіру сериясы. Альянстың 35 марафоншысы Түркістандағы жарысқа қатысып, түркі әлеміндегі жүгіру сапарын жалғастыруда. TAN аясындағы бес кезеңге қатысқан спортшылар арнайы марапат пен естелік медальға ие болады.
Алдыңғы пост

КӨКСАРАЙ АУЫЛЫНДА САЯБАҚ АУМАҒЫ КЕҢЕЙТІЛІП, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Келесі жаңалық

«Менің мектебім буллингке қарсы» флешмобы!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі