elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ.

16 сентября, 2025
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Әлеумет
0
«ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ.
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ»
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ.
Биыл ақпан айында Түркістан қаласына «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілген болатын. Осы мәртебе аясында 26-28 қыркүйек күндері Түркістанда «ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» халықаралық фестивалі өтеді.
Халықаралық шараға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және сала басшылары арнайы «Қолөнершілер қалашығы» кешенін аралап, дайындық барысымен танысты.
«ТҮРКІСТАН – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ» атты халықаралық фестивальге әлемнің 7 елінен 50-ге жуық қолөнерші және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ге тарта шебер қатысады деп жоспарлануда. Фестиваль аясында дәстүрлі қолөнер туындыларының көрмелері, шеберлік сағаттары, мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар дәріптеледі. Ал «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің ашылу салтанатында елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен өнерпаздардың концерттік бағдарламасы өтеді.
Жалпы аумағы 2,3 гектарды құрайтын кешеннің құрылысы 1,5 гектар жерде жүргізілді. Туристік және мәдени бағыттағы бұл орталық 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Мұнда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған.
Сонымен қатар, өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына сәйкес арнайы брендтік каталог әзірленіп, ұлттық кәдесыйлар нарыққа ұсынылатын болады.
Алдыңғы пост

Болашақ медицина қызметкерлерін дайындау – ортақ міндет!

Келесі жаңалық

1-11 сынып оқушылары «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» апталық лездеме өткізді.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі