elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Сауран ауданы мен Түркістан, Кентау қалаларындағы жұмыссыз азаматтар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

19 августа, 2025
in Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Әлеумет
0
Сауран ауданы мен Түркістан, Кентау қалаларындағы жұмыссыз азаматтар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Түркістан облысында жұмысшы мамандықтар жылын өткізу жоспарына сәйкес, Сауран ауданы мен Түркістан, Кентау қалаларындағы жұмыссыз азаматтар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, басқарма басшысының орынбасары Самат Байғұтов және облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева қатысты.
Облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» ұйымдастыруымен өткен жәрмеңкенің басты мақсаты – өңір жастары мен жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына араластырып, жұмыс берушілер мен ізденушілер арасында тікелей байланыс орнату.
Жәрмеңкеге Сауран ауданы мен Түркістан, Кентау қалаларындағы 30 жұмыс беруші қатысып, 700-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Нәтижесінде 300-ге жуық тұрғын жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, өз мамандығына сәйкес жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды.
Бос жұмыс орындарының 445-і өнеркәсіп, 33- ауыл шарушылық, 150 — құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, 38 — білім, 14 — денсаулық сақтау, 96 — қызмет көрсету саласына тиесілі. Атап айтсақ, фармацевт, невропатолог, травматолог-ортопед, бала дәрігері, психолог, логопед, мәдени шаралар ұйымдастырушы, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, кітапханашы, вахтер, бағбан, электрик, шаштараз, су сорғы станциясы машинисі, санитар, инженер, аудармашы, есепші, заңгер, механик, электрик, дәнекерлеуші, жұмысшы, оператор, технолог, жүргізуші, педагог, тәрбиеші, тігінші, аспаз, лаборант, күзетші, қасапшы, IT-маман, программист және өзге де 70-тен астам мамандық ұсынылған.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірлік жұмыспен қамту карта аясында 74630 азамат тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орнына орналасқандар 36415, субсидияланатын жұмыс орындарына орналасқандар саны 38215 азамат.

 

Алдыңғы пост

МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

Келесі жаңалық

ОТЫРАРДАҒЫ МАҚТА АЛҚАБЫНДА ӨНІМ ЖИНАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі