elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.

19 августа, 2025
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Экономика, Қоғам, Өнеркәсіп
0
МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
МАҚТА ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ.
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданда іске асып жатқан ауқымды инвестициялық жобалардың бірі – мақта өңдеу зауытының құрылыс жұмыстарымен танысты. Кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, өндіріс орнының алдағы жоспарларын тыңдады.
Қазіргі таңда зауыттың ішкі құрылысы қарқын алып, мақтаны тазалау және шитінен ажырату қондырғылары орнатылуда. Нысан қазан айының соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Аудан басшысы зауыт іске қосылған кезде негізгі жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тарту, оларды жаңа технологияларды меңгеруге бейімдеу мәселесін басты назарда ұстау қажеттігін атап өтті.
Айта кету керек, Отырар ауданында қолға алынған бұл жоба «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС бастамасымен және «Түркістан» ӘКК» АҚ бірлесе жүзеге асырылуда. Бірегей жоба заманауи су үнемдеу технологияларын қолдана отырып, жоғары стандартты шикізат базасын қалыптастыруды, соңғы үлгідегі мақта өңдеу зауыттарын, тамшылатып суару таспаларын шығаратын өндіріс орнын және басқа да инфрақұрылымдық нысандарды қамтиды. Мұнда әкімшілік ғимараты, шаруашылық базасы, сорғы станциялары салынуда. Жалпы инвестициялық құны – 80 млрд тенгені құрайды.
Жоба арқылы қуаттылығы жылына 160 мың тонналық 4 заманауи мақта өңдеу зауытын іске қосу, 6 мың тонна мақта тұқымын шығаратын өндірістік желісін құру көзделген. Оның ішінде, биыл 2 зауыт іске қосылса, 2026 жылы тағы 2 зауытты іске қосу жоспарланып отыр.
Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР САБАҚ БАРЫСЫНДА ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОН ҚОЛДАНУДАН БАС ТАРТТЫ.

Келесі жаңалық

Сауран ауданы мен Түркістан, Кентау қалаларындағы жұмыссыз азаматтар мен жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі