elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.

9 июня, 2025
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Әлеумет
0
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен салалық департамент басшылары қатысты.
Күн тәртібінде тұрғын үй саласындағы өзекті мәселелерді шешу, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс сапасы және 2025–2026 жылғы қысқы маусымға дайындық жұмыстары қаралды.
Алғашқы мәселе бойынша тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Мырзабайұлы баяндама жасап, жалға берілетін және субсидиямен бөлінген пәтерлерге қатысты жыл басынан бері жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесі мен жылу маусымында проблемалық жағдай жиі болатын тұрғын үйлердің жай-күйін баяндады.
Осыған дейін, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 1 және 2 мөлтек аудандарда жылыту құбырларының ескіруіне және жарамсыздығына байланысты арнайы жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде ретке келтіруді тапсырған болатын.
Ал Жаңа қала шағын ауданындағы көпқабатты 16 тұрғын үйдің жертөлелеріне күрделі жөндеу, 25 подъезге ағымдағы жөндеу, 8 шатырға реконструкция, 5 лифтіні ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы құрылыс бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Мұрәтіліұлы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс сапасы, инженерлік жүйелердің ақаулары, және тұрғындардан жиі түсетін шағымдар туралы баяндамасында мәлімдеді. Қазіргі таңда Түркістан қаласында мемлекет және жеке инвестиция есебінен 37 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Әзімбек Пазылбекұлы құрылыс сапасына байланысты нақты ескертулер жасап, әрбір үй бойынша техникалық сараптама жүргізуді, анықталған кемшіліктерді 1 апта ішінде жоюды тапсырды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Жылу» МКК басшысы Ерғазы Абдурахманұлы 2025-2026 жылғы жылу маусымына дайындық барысын баяндады. Қалада жалпы 17 қазандық пен 77 қазан, 56,243 шақырымдық жылу жүйесі бар. Дегенмен, тұрғындар мен заңды тұлғалар тарапынан мекемеге 86 млн теңге берешек бар. Оның ішінде 77 млн – заңды тұлғалардан, 9 млн – жеке тұлғалардан. Қала басшысы жылу жүйелерінің қауіпті учаскелерін карта түрінде жасап, жаңғырту жоспарын ұсынуды, сондай-ақ, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету алгоритмін әзірлеуді, генераторлармен қамтамасыз етуді және апаттық бригадалардың тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды тапсырды.
Жиын соңында қала әкімі барлық сала басшыларына берілген тапсырмалардың заң аясында және белгіленген мерзімде орындалуын қатаң бақылауды жүктеді.
Алдыңғы пост

Сауран ауданы білім бөліміне қарасты.Алтын Ұя Балабақшасында «Қызғалдақ» ересек тобында «Рәміздер күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Келесі жаңалық

КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі