elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Таным

ТҮРКІСТАНДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ.

4 июля, 2025
in Таным, Түркістан облысы, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ.
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ТҮРКІСТАНДА «АҚЫЛДЫ ҚАЛА» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ.
Түркістан облысында «Smart city» жобасы жүзеге асырылып келеді. Түркістан қаласы «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша республика аумағында 2024 жылы 74,6 пайызбен 12-ші орынға тұрақтаған. Аймақтың дамуында маңызды орны бар жобаға қатысты мәселелер облыс әкімдігінде талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров қалаларды цифрландыру, қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды барлық аудан, қала орталықтарында жүзеге асыру керектігін айтты. Түркістан қаласындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
– Заман, технология дамып жатыр. Жасанды интеллект пен соңғы технологиялық жаңалықтардың игілігін пайдаланып, аймақты дамыту жұмыстарына жаңа жобаларды енгізу керек. Электр үнемдейтін, күннен қуат алатын бастамаларды көбейту керек. Түркістан қаласында «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру бойынша 2025 жылға арналған Жол картасына қажетті толықтыруларды енгізіп, шұғыл түрде бекітіңіздер. Іске асыру жұмыстарын тұрақты жүргізу қажет. Аудан, қалаларда өңірлік инфрақұрылым объектілерін жобалау кезінде «Ақылды қала» жобасының негізгі критерийлерін ескеріп, облыстағы цифрландыру саласына жауапты басқармамен келісуді тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Мәжілісте Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тураби Ертай мен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының осы бағытта атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Алдыңғы пост

Түркістан облысының денсаулық басқармасына қарасты, Қазығұрт Орталық Ауруханасы, Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі