
Аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша онлайн кездесу өтті.
03 шілде 2025 жылы сағат 16:00-де Қазығұрт аудандық орталық ауруханасына қарасты барлық медицина қызметкерлерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта семинар өтті.
Тақырып: ҚР ДСМ №114 бұйрығы аясында аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын күшейту.
Баяндамаларда төмендегі аурулар кеңінен қамтылды:
1 Конго-Қырым қанды безгегі (КҚГҚ). Конго-қырым қанды безгегі — кене арқылы таралатын вирусты жұқпалы ауру. Ол адамның дене қызуын көтеріп, бұлшық ет, буын ауруларын, ішкі ағзалардан қан кетуді туындатады. Аурудың қоздырғышы — Nairovirus тобына жататын вирус. Негізгі тасымалдаушысы — иксод кенелері. Адамға вирус кененің шағуы, ауру малмен немесе адаммен қарым-қатынас кезінде жұғады. Алдын алу үшін кенелерден сақтанып, жеке қорғаныс құралдарын қолдану маңызды.
2 Сібір жарасы. Сібір жарасы — өте қауіпті жұқпалы ауру, оны Bacillus anthracis бактериясы тудырады. Бұл ауру адам мен жануарға ортақ, көбіне ірі қара, қой, ешкі арқылы таралады. Адамға тері арқылы, ауру малдың етін тұтынғанда немесе тыныс жолымен жұғады. Негізгі белгілері — дене қызуының көтерілуі, терідегі жара, ісік және әлсіздік. Аурудың өкпелік және ішек түрлері өте ауыр өтеді. Алдын алу үшін ветеринарлық бақылау және вакцина маңызды.
3 Құтыру. Құтыру — өлімге әкелетін аса қауіпті вирусты жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышы — рабдовирус, негізінен ит, мысық, жабайы аңдар арқылы таралады. Адамға тістеу, сілекей жұғу арқылы беріледі. Басты белгілері: үрей, мазасыздық, бұлшық ет түйілуі, судан қорқу, кейін сал болу мен кома. Ауру анық белгілері шыққаннан кейін емделмейді. Алдын алу үшін дер кезінде вакцина егу және үй жануарларын бақылу қажет
4 Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ). Жіті ішек инфекциялары — түрлі бактериялар мен вирустардан туындайтын жұқпалы аурулар тобы. Олар негізінен ластанған су, тамақ немесе кір қол арқылы жұғады. Негізгі белгілері: іш өту, құсу, іштің ауыруы, дене қызуының көтерілуі. Ағзада сұйықтық жетіспеушілігі туындап, ауыр жағдайға әкелуі мүмкін. Алдын алу үшін жеке гигиенаны сақтау, таза су мен сапалы тағам пайдалану, көкөніс пен жемісті жақсылап жуу қажет.
Спикерлер:
• Аурухана басшысының орынбасары Д.Түгелбаев
• Эпидемиолог М.Айнабекова
• Инфекционист Б.Ақынғазиева
• БМСККО ДА қызметкерлері де белсенді қатысты
Онлайн кездесу барысында қауіпті инфекциялардың алдын алу, ерте анықтау, халыққа түсіндіру жұмыстарын күшейту жолдары талқыланды.
Медицина қызметкерлеріне ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетіліп, маңызды сұрақтарға жауап берілді.
Алдын алу – амандық кепілі!
