elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АТОМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.

25 сентября, 2025
in Uncategorized, Қоғам, Әлеумет, Өнеркәсіп
0
АТОМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АТОМ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ.
Отырар ауданы, Көксарай ауылдық округінде орналасқан «Заречное» БК АҚ ЖУС кенішінде Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік басқосу еліміздің атом саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандардың басын біріктіріп, олардың еңбегіне құрмет көрсетуге арналды.
Мерекелік жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Атом саласының ел экономикасы мен ғылымын дамытудағы маңыздылығына тоқталып, мекеме қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Кез келген саланың басты капиталы — адам. Сіздердің білімдерініз, тәжірибелеріңіз бен кәсіби істеріңіз отандық индустрияны одан әрі дамытудың кепілі болып табылады. Адал еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін», — деді.
Жиында атом өнеркәсібінің жетістіктері мен болашағы сөз болып, ардагер мамандардың еңбегі ерекше атап өтілді. Табысты еңбек еткен сала қызметкерлері марапатталып, іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.Атом саласының экономикаға пайдасы өте жоғары және көпқырлы. Ол тек энергия өндірумен шектелмей, тұтас ұлттық дамуға серпін береді.

1. Тұрақты және арзан энергия көзі
Атом электр станциялары үздіксіз жұмыс істейді, ауа райына тәуелді емес. Бұл өнеркәсіп, өндіріс, цифрлық инфрақұрылым үшін сенімді энергиямен қамтуға мүмкіндік береді. Энергия арзандаған сайын тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны да төмендейді.

2. Экономикалық өсімді жеделдету
АЭС салу – миллиардтаған инвестиция талап ететін ірі жоба. Мұндай жобалар құрылыс, металлургия, логистика, машина жасау сияқты көптеген секторлардың дамуын ынталандырады. Инфрақұрылым жаңарып, жаңа кәсіпорындар ашылады.

3. Жоғары жалақылы жұмыс орындары
Атом саласы инженерлер, энергетиктер, физиктер, IT-мамандар сияқты білікті кадрларды қажет етеді. Бұл салада орташа жалақы жоғары, ал жаңа АЭС ашылса — мыңдаған жұмыс орны пайда болады.

4. Энергетикалық тәуелсіздік
Атом энергиясын пайдалану елдің сыртқы электр қуатына немесе газ-көмір нарықтарына тәуелділігін азайтады. Энергетикалық тәуелсіздік – бағаның тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлігі.

5. Салық түсімдері мен экспорт мүмкіндігі
АЭС пен уран өңдеу кәсіпорындары бюджетке ірі салық түсіреді. Уран қоры мол елдер (мысалы, Қазақстан) экспорт көлемін арттырып, әлемдік нарықта маңызды рөлге ие болады.

6. Инновация мен технологиялық прогресс
Атом ғылымы медицинада (радиотерапия), ауыл шаруашылығында (радиациялық селекция), өнеркәсіпте (изотоптық талдау) кең қолданылады. Ядролық технологияларды дамыту инновацияны жылдамдатады.

Атом саласы — экономиканы әртараптандыруға, тұрақтандыруға және болашақ технологиялық дамуға жол ашатын стратегиялық сектор.

Атап өту керек, Қазақстан Республикасының атом саласы қызметкерлері күні 2008 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл күн — ел экономикасы мен ғылымының дамуына үлес қосып жүрген атом саласы қызметкерлері үшін мәртебелі мереке болып табылады.
Алдыңғы пост

Отырар аудандық орталық емханасының ұйымдастыруымен Отырар ауданындағы мектептерге «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» атты семинарлар өтілді.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРМАҚ: НЫСАНДАРДЫ РЕСТАВРАЦИЯЛАУ, КЕШКІ ЭКСКУРСИЯЛАР ЖӘНЕ ЖАҢА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі