elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Аймақ

№2 жедел медициналық жәрдем бекеті халық игілігіне табысталды.

25 декабря, 2025
in Аймақ, Басты жаңалықтар, Таным, Қоғам
0
№2 жедел медициналық жәрдем бекеті халық игілігіне табысталды.
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгін қаладағы күрделі жөндеуден өткен №2 жедел медициналық жәрдем бекеті халық игілігіне табысталды. Бұрын ұзақ уақыт қараусыз тұрған ғимарат толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай медициналық нысан ретінде қайта пайдалануға берілді.
Жедел медициналық жәрдем – адам өміріне тікелей жауапты, кідірісті көтермейтін аса маңызды қызмет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалада денсаулық сақтау саласын дамыту, жедел көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі жаңартылған бекет – сол жұмыстардың нақты нәтижесінің бірі.
Қазіргі таңда бұл бекетте тәулік бойы 10 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 2 дәрігерлік және 8 фельдшерлік бригада қала тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетуде. Мұнда 127 медицина қызметкері еңбек етіп, күндіз-түні халықтың денсаулығы мен өмірін сақтауға үлес қосып отыр.
Жаңғыртудан өткен ғимаратта медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалып, жұмыс тиімділігін арттыратын инфрақұрылым толық жаңартылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтереді.
Ақ халатты абзал жандардың еңбегі – үлкен құрметке лайық. Қиын сәтте бірінші болып көмекке келетін медицина қызметкерлеріне шынайы алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да, қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыра береді деген  үміттеміз қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.
Жедел жәрдем – адам өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқаратын маңызды медициналық қызметтің бірі. Ол кенеттен болған аурулар, жол-көлік оқиғалары, өндірістік жарақаттар, жүрек талмасы, инсульт сияқты өмірге қауіпті жағдайларда алғашқы әрі дер кезінде көрсетілетін көмекті қамтамасыз етеді. Көп жағдайда жедел жәрдемнің уақытында жетуі науқастың тағдырын анықтайды.
Жедел жәрдем қызметінің басты маңыздылығы – жеделдік пен қолжетімділікте. Қай жерде болмасын, қандай уақытта болмасын, диспетчерлік қызмет арқылы шақырту қабылданып, маманданған бригада оқиға орнына тез жетуге тырысады. Бұл уақыт факторын барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Өйткені медицинада «алтын уақыт» деген ұғым бар, яғни алғашқы минуттарда көрсетілген көмек адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Сонымен қатар жедел жәрдем тек тасымалдау қызметі емес, ол – толыққанды медициналық көмек көрсететін құрылым. Бригадаларда білікті фельдшерлер мен дәрігерлер жұмыс істейді, олар заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқиға орнында алғашқы диагноз қойып, қажетті емдік шараларды бастап, науқастың жағдайын тұрақтандырады. Бұл ауруханаға жеткенге дейін асқынудың алдын алуға көмектеседі.
Жедел жәрдемнің қоғамдағы әлеуметтік маңызы да зор. Ол халықтың денсаулығын қорғау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ауылдық жерлерде, алыс аймақтарда жедел жәрдем кейде жалғыз медициналық көмек көзі болуы мүмкін. Сондықтан бұл қызметтің тиімді жұмыс істеуі халықтың мемлекетке деген сенімін арттырады.
Қорытындылай келе, жедел жәрдем – тек медицина саласының бір бөлігі ғана емес, ол адам өмірінің кепілі. Оның үздіксіз, сапалы әрі жедел қызмет көрсетуі – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының маңызды көрсеткіші.
Алдыңғы пост

«ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» АТТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МЕН САУРАН АУДАНЫ ӘКІМШІЛІГІНІҢ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ БЕКЕТІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі