«ШЕКСІЗ ӘЛЕМ» АТТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ.
Бүгін Түркістан қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Шексіз әлем» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны мен мүмкіндіктерінің шексіз екенін көрсету, сондай-ақ инклюзивті мәдениетті дамыту.
Инклюзивті мәдениет – қоғамда әрбір адамның ерекшелігіне, мүмкіндігіне, ұлтына, тіліне, жынысына немесе денсаулық жағдайына қарамастан тең құрмет пен қолдау көрсетуге негізделген құндылықтар жүйесі. Мұндай мәдениет адамдар арасындағы айырмашылықтарды кемшілік емес, керісінше қоғамды байытатын артықшылық ретінде қабылдайды.
Инклюзивті мәдениеттің басты мақсаты – баршаға тең мүмкіндік жасау. Бұл білім беру, еңбек нарығы, мәдениет, медицина және қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс табады. Мысалы, мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың басқа оқушылармен бірге оқуына жағдай жасалса, жұмыс орындарында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастырылады.
Инклюзивті мәдениет адам бойындағы эмпатияны, өзара түсіністікті және жауапкершілікті дамытады. Ол кемсітушілікті азайтып, әлеуметтік әділдікті нығайтады. Нәтижесінде қоғамда бірлік күшейіп, әр адам өзін қажет әрі бағалы сезінеді. Инклюзивті мәдениет – тұрақты әрі дамыған қоғамның маңызды негізі.

Мерекелік кешке Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының басшылығы, құқық қорғау органдарының басшылары, басқарма жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен 70-тен астам бала қатысты. Олар – облыстық басқармаға қарасты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінушілер.
Іс-шара барысында балаларға арналған арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Жігері мұқалмаған ерекше балалар өнер көрсетіп, көпшілікті сүйсіндірді. Оларға белгілі өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар қолдау көрсетті.
Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Өз сөзінде аймақ басшысы ерекше балаларды қолдау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты екенін атап өтті.
Мерекелік кеш Аяз ата мен Ақшақардың жаңа жылдық құттықтауымен жалғасты. Танымал әнші Құрмаш Маханов бастаған өнерпаздар да жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылды.