
ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ. Түркістан қалалық орталық ауруханасында «Әділет» партиясының Түркістан облыстық сайлауалды штабының өкілдері мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың қатысуымен медицина қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламасында көзделген негізгі басымдықтармен таныстырып, денсаулық сақтау саласын дамыту бағытындағы жоспарларын ортаға салды. Партияның сайлауалды бағдарламасында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, аурулардың алдын алу, ерте диагностикалау жүйесін жетілдіру, заманауи медициналық көмекті дамыту және азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелеріне ерекше мән берілетіні айтылды.
Сонымен қатар, медицина саласын жаңғырту, кардиология қызметін дамыту, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында диагностикалау мүмкіндіктерін кеңейту және бейінді медицина мамандарын даярлауға көңіл бөлу бағыттары таныстырылды.
Кездесу барысында медицина қызметкерлері партия өкілдерінің сайлауалды бағдарламасымен танысып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасты.
