elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

27 июля, 2026
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Экономика
0
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЗАҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Цифрлық қауіпсіздік және заң» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың цифрлық құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, алаяқтық қылмыстардың алдын алу және заң талаптарын түсіндіру.
Кездесу барысында Отырар аудандық полиция бөлімінің Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ОТЗЗҚКТ аға инспекторы, полиция капитаны Зубайра Абылайқызы Надирова интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен жалған хабарламалардан сақтану жолдары, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, сот орындаушысы Нұржан Тілеубергенұлы атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңнаманың талаптары, сот актілерін орындаудың маңыздылығы және азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Шараға «Отырар» жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен Отбасын қолдау орталығының мамандары қатысып, құқықтық және цифрлық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыруға және цифрлық қауіптердің алдын алуға бағытталған.
Алдыңғы пост

Операциядан кейін 1 ай өткен соң бала жоспарлы бақылау тексеруінен өтті.

Келесі жаңалық

Мейірбикелерге арналған семинар өтті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі