«Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы спорттық іс шарасы өтті.«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Отырар ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебіндегі тұлғалардың және аудан жастарының қатысуымен спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамға қайта бейімделуге ынталандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықбұзушылықтың алдын алу.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тартысты ойын көрсетті.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара спорттық жарыс қана емес, әлеуметтік оңалтуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
Отырар ауданы прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатынын мәлімдеді.
