Түркістан қалалық емханасының №6 Отбасылық денсаулық орталығында медицина қызметкерлеріне арналған аса қауіпті инфекциялардың алдын алуға арналған қорғаныш костюмін кию және шешу тәртібі бойынша тәжірибелік оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау дағдыларын жетілдіру, аса қауіпті инфекциялар кезінде жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану тәртібін меңгерту және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыру.
Мұндай тәжірибелік сабақтар медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін нығайтып, инфекциялардың таралуының алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Аса қауіпті инфекциялар – адам денсаулығына және қоғамға үлкен қауіп төндіретін, тез таралуы және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін жұқпалы аурулар. Олардың қатарына оба, тырысқақ, күйдіргі, туляремия және басқа да инфекциялар жатады. Мұндай аурулардың алдын алу – медициналық ұйымдармен қатар, әр азаматтың жауапкершілігін талап ететін маңызды міндет.
Ең алдымен жеке гигиена талаптарын сақтау қажет. Қолды сабынмен жиі жуу, әсіресе тамақ ішер алдында және дәретханадан кейін қолды тазалау – көптеген инфекцияның таралу қаупін азайтады. Тек қауіпсіз, таза ауызсу пайдаланып, жеміс-жидек пен көкөністерді мұқият жуу керек. Тез бұзылатын тағамдарды дұрыс сақтап, ет пен басқа да өнімдерді толық термиялық өңдеуден өткізу маңызды.
Аса қауіпті инфекциялардың кейбірі жануарлар мен кеміргіштер арқылы таралуы мүмкін. Сондықтан жабайы және ауру жануарлармен байланыстан аулақ болу, өлекселерге қол тигізбеу, малды ветеринариялық бақылаудан өткізу қажет. Кеміргіштерді жою және олардың тұрғын үйге, азық-түлікке жақындауына жол бермеу де маңызды.
Инфекция белгілері байқалған жағдайда өздігінен емделмей, дереу медициналық көмекке жүгіну керек. Дене қызуының күрт көтерілуі, әлсіздік, құсу, іш өту, теріде ерекше жара немесе бөртпенің пайда болуы сияқты белгілерге немқұрайлы қарауға болмайды. Ауру адаммен байланыста болған жағдайда бұл туралы медицина қызметкеріне міндетті түрде хабарлау қажет.
Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, вакцинацияны уақытында алу, халық арасында санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу – инфекциялардың алдын алудың негізгі бағыттары.
Аса қауіпті инфекциялардың алдын алудың ең тиімді жолы – тазалықты сақтау, қауіпсіздік шараларын орындау, ауру белгілерін ерте анықтау және медицина мамандарына дер кезінде жүгіну.