elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АЛҒАШ РЕТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІРІ ДОНОРДАН БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА МАМАНДАРЫМЕН ӨЗ КҮШІМЕН СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ.

18 августа, 2026
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
0
АЛҒАШ РЕТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТІРІ ДОНОРДАН БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА МАМАНДАРЫМЕН ӨЗ КҮШІМЕН СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ.
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АЛҒАШ РЕТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА
ТІРІ ДОНОРДАН БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ
ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНА
МАМАНДАРЫМЕН ӨЗ КҮШІМЕН СӘТТІ ОРЫНДАЛДЫ.
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында өңірде алғаш рет тірі туыстық донордан бауыр трансплантациясы өз мамандарының күшімен сәтті орындалды.
Бұл операция Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы үшін бауыр трансплантациясы бойынша алтыншы операция болды.
Бұған дейінгі бес бауыр трансплантациясы академик, профессор Болатбек Бимендеевич Баймахановтың жетекшілігімен орындалған.
Алтыншы трансплантация аурухана үшін жаңа маңызды кезең болды. Операцияға басқа өңірлердің мамандары тартылмай, алғаш рет ОКА-ның өз трансплантологиялық командасы тарапынан өз күшімен орындалды.
Күрделі жоғары технологиялық операция аурухана мамандарының кәсіби дайындығының жоғары деңгейін, командалық жұмыстың үйлесімділігін және жинақталған тәжірибесін көрсетті.
Ең әсерлісі — 59 жастағы науқастың доноры оның 22 жастағы қызы Рахимова Нурай болды.
Қызы анасына донор болу туралы ерікті түрде шешім қабылдап, барлық қажетті медициналық тексерулерден өтті.
Бір кездері анасы қызын өсіріп, қорғап, аялап еді. Бүгін қызы анасына ең қымбат сыйды — өмірін жалғастыруға мүмкіндік сыйлады.
Реципиент: 59 жастағы әйел.
Диагнозы: вирустық этиологиялы бауыр циррозы (В гепатиті), гепатоцеллюлярлық карцинома, портальды гипертензия, гиперспленизм синдромы, өңеш веналарының варикозды кеңеюі, асцит, бауыр энцефалопатиясы.
MELD — 13 балл.
Операцияға қатысқан мамандар:
 Хирург-трансплантологтар:
▪️ Мауленов Нурлан Байбекович — ОКА басшысы
▪️ Досханов Максат Оналбаевич — хирургиялық ісі жөніндегі басшының орынбасары
▪️ Е.М. Тауасаров
▪️ Н.Т. Садуакас
▪️ Н.Ж. Жұмабек
▪️ А.А. Алипбек
 Анестезиологтар:
▪️ А.М. Мамиров
▪️ Е.Б. Муталиев
▪️ А.Р. Пралиев
Қазіргі таңда анасы мен қызы дәрігерлердің бақылауында.
Бұл — өңірлік медицина үшін маңызды жетістік әрі үлкен командалық еңбектің нәтижесі.
Түркістан облысында трансплантология саласы дамып келеді. Өңір мамандары күрделі жоғары технологиялық операцияларды өз күшімен орындауға дайын екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
 Түркістан облысының трансплантология саласының дамуындағы жаңа белес.
Алдыңғы пост

Екпе – бала денсаулығын қорғаудың маңызды қадамы!

Келесі жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА «КЕНТАУ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі