elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.

25 октября, 2026
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ.
Сауран ауданында 25 қазан Республика күніне арналған «Республика күні – елдігіміздің бастауы» атты мерекелік іс-шара өтті. Аудан әкімдігі ғимаратының алаңында ұйымдастырылған салтанатты кешке аудан тұрғындары мен қонақтары жиналды.
Мерекелік бағдарлама еліміздің тарихы мен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін бейнелейтін бейнероликпен басталды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде енгізіліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жиналған қауымды Республика күнімен құттықтап, мерекенің тарихи маңызына тоқталды. Егемендік туралы декларацияның қабылдануы ел тарихындағы жаңа кезеңге жол ашқанын атап өтіп, Отанға қызмет ету мен ел бірлігін сақтаудың ортақ жауапкершілік екенін жеткізді.
Құттықтау сөзінде аудан басшысы биыл Сауран ауданының құрылғанына бес жыл толғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде ауданның қалыптасуы мен дамуына атсалысқан азаматтарға алғыс білдіріп, әр салада адал еңбек етіп жүрген тұрғындардың үлесін айрықша бағалады. Ауыл шаруашылығын өркендетіп, ел ырысын молайтуға күш салып жүрген диқандар мен шаруаларға ризашылығын жеткізді.
Салтанатты жиында ауданның дамуына үлес қосқан азаматтарға «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, Қазақстан эстрадасының әншілері Сиви Махмуди, Диана Исмайл және Жігер Ауыпбаев өнер көрсетті. Жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер орындап, «Ай-Тұмар» және «Мадина» би топтары көрермендерге өз қойылымдарын ұсынды.
Республика күніне орай мерекелік отшашу атылып, кеш «Алға, Қазақстан!» әнімен қорытындыланды.

Республика күні – Қазақстан Республикасының ең маңызды ұлттық мерекелерінің бірі. Бұл мереке жыл сайын 25 қазанда аталып өтеді. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл тарихи құжат еліміздің тәуелсіздікке қарай жасаған маңызды қадамдарының бірі болды.

Республика күні – халқымыздың бірлігі мен ынтымағын, тәуелсіздікке деген құрметін білдіретін ерекше мереке. Егемендік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Бүгінде Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде дамып, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алып келеді.

Бұл күні еліміздің барлық өңірінде түрлі мәдени іс-шаралар, мерекелік концерттер, көрмелер мен патриоттық кездесулер ұйымдастырылады. Осындай шаралар арқылы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім қалыптасып, туған жерге деген сүйіспеншілігі артады.

Тәуелсіз еліміздің болашағы – білімді, еңбекқор және жауапты жастардың қолында. Әрбір азамат елдің дамуына үлес қосып, мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, ұлттық құндылықтарды сақтауы қажет.

Республика күні – өткенімізді бағалап, бүгінімізді мақтан тұтып, болашағымызға сеніммен қарайтын күн. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыз бірлікте болсын! Қазақстанымыз гүлденіп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, келешегіміз жарқын болсын!

Алдыңғы пост

САУРАНДА ТОҒЫЗ АЙДА 660 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ЖИНАЛДЫ.

Келесі жаңалық

САУРАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРІЛДІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі