САУРАН АУДАНЫНДА «TUR WORKOUT – ТӘРТІПКЕ ТАРТЫЛ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР ЖОБАСЫ ӨТТІ.
Сауран ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен Тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған «TUR WORKOUT – Тәртіпке тартыл» облыстық жастар жобасы өтті. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының бірлесіп ұйымдастырды.
Жобаның негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру, лудомания мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ заңға құрмет қағидаттарын дәріптеу.
Шараның ашылу салтанатына Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің подполковнигі Абай Қадыров, Департаменттің аса маңызды істер жөніндегі офицері, экономикалық тергеу қызметінің капитаны Гүлзия Қарсыбай және Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қатысып, жастарға сәттілік тіледі.
Кездесу барысында қатысушыларға интернет-алаяқтықтың алдын алу, дропперліктің қауіптілігі, банк карталары мен жеке деректерді үшінші тұлғаларға берудің құқықтық салдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық материалдар таратылды.
Айта кетейік, облыстық жоба бекітілген кестеге сәйкес өңірдің барлық аудан-қалаларында өткізілуде. Аудандық кезең жеңімпаздары 26 маусым күні өтетін финалдық кезеңде облыс үздіктерімен бақ сынайтын болады.
Спорт – адам өмірінің маңызды бөлігі. Ол денсаулықты нығайтып, денені шынықтырады және адамның көңіл күйін көтереді. Спортпен жүйелі түрде айналысу ағзаның төзімділігін арттырып, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі. Сондықтан әрбір адам спортты күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыруы қажет.
Спорттың түрлері өте көп. Оларға футбол, волейбол, баскетбол, бокс, күрес, жүзу, жүгіру және велосипед тебу жатады. Әр адам өз қызығушылығы мен мүмкіндігіне қарай спорт түрін таңдай алады. Балаларды жастайынан спортқа баулу олардың тәртіпті, шыдамды әрі мақсатшыл болып өсуіне ықпал етеді.
Спорт тек денсаулық үшін ғана емес, адамды тәрбиелеу үшін де маңызды. Ол жеңіске жетуге ұмтылуды, қиындықтарды жеңуді, уақытты тиімді пайдалануды және өзгелермен бірлесе жұмыс істеуді үйретеді. Сонымен қатар спорттық жарыстар достықты нығайтып, адамдар арасындағы ынтымақтастықты арттырады.
Мемлекетімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Спорт алаңдары, стадиондар мен жаттығу залдарының көбеюі халықтың белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Салауатты ұлт қалыптастыру үшін әрбір азаматтың спортпен айналысуы маңызды.
Қорытындылай келе, спорт – денсаулықтың, күш-қуаттың және ұзақ өмірдің негізі. Деніміз сау, рухымыз мықты болуы үшін күн сайын қозғалып, дене жаттығуларын жасап, салауатты өмір салтын ұстанайық. Спортты серік еткен адамның өмірі белсенді әрі мәнді болады.