elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

23 июня, 2026
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Сауран ауданында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаевтың қатысуымен өткен мерекелік іс-шарада мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың өңірдің дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Жиында мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі маңызы, халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтудағы рөлі және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары саналатын заңдылық, ашықтық, жауапкершілік және халыққа адал қызмет ету құндылықтарының маңыздылығы атап өтілді.
Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызмет саласында жоғары нәтижелер көрсетіп, өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаттары, Сауран ауданы әкімінің Алғыс хаттары және Сауран аудандық мәслихаты төрағасының Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне елеулі үлес қосқан азаматтар «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Іс-шара аясында мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған қызметкердің ант қабылдау рәсімі өткізіліп, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзекті мәселелер мен кадр саясатының негізгі бағыттары жөнінде баяндама жасалды. Жиын соңында марапат иелеріне алдағы қызметтеріне толағай табыс тілініп, мемлекеттік қызметтің мәртебесін арттыру жолындағы еңбектері үшін алғыс білдірілді.
Алдыңғы пост

В Туркестанской области прошёл турнир памяти погибших сотрудников полиции.

Келесі жаңалық

«ЗАКОН И ПОРЯДОК»: ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ ПРИЗНАНА ОДНИМ ИЗ САМЫХ БЕЗОПАСНЫХ РЕГИОНОВ РЕСПУБЛИКИ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі