elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САУРАНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ ДЕПУТАТТАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ.

26 июня, 2026
in Uncategorized, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы, Қазақстан, Қоғам
0
САУРАНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ ДЕПУТАТТАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ.
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
САУРАНДА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖАҢА БАСЫЛЫМЫ ДЕПУТАТТАРҒА ТАБЫСТАЛДЫ.
Сауран аудандық мәслихатының кезекті сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымын аудандық мәслихат депутаттарына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Салтанатты рәсімде аудан әкімі Мақсат Таңғатаров сөз сөйлеп, Конституция — Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізін айқындайтын, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің, заң үстемдігі мен әділеттіліктің берік тұғыры екенін атап өтті.
Аудан әкімі аудандық мәслихат депутаттарының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, заңдылықтың сақталуына және мемлекеттік саясаттың жергілікті деңгейде тиімді іске асырылуына қосып жүрген үлесін жоғары бағалап, депутаттарға Конституцияның жаңа басылымын табыстады.
Өз кезегінде аудандық мәслихаттың төрағасы Сержан Байсбаев Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің негізгі заңы, елдің тұрақты дамуы мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі екенін атап өттіКонституция – мемлекеттің негізгі заңы. Ол елдің қоғамдық және мемлекеттік құрылымын, басқару жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін айқындайды. Конституция – тәуелсіздіктің, тұрақтылық пен бірліктің берік негізі.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Онда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені белгіленген. Конституция бойынша әрбір азамат заң алдында тең және өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы.

Конституцияда адамның өмір сүру, білім алу, еңбек ету, денсаулығын сақтау, сөз бостандығы сияқты маңызды құқықтары қарастырылған. Сонымен қатар әр азамат Отанын қорғауға, заңдарды сақтауға және қоғам алдындағы міндеттерін орындауға тиіс.

Конституцияны құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. Себебі заң үстемдігі сақталған елде тәртіп, әділдік пен тұрақтылық болады. Конституция – мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтатын және жарқын болашаққа жол ашатын басты құжат.

. Сонымен қатар, Конституцияның 11 бөлім мен 96 баптан тұратынын айтып, оның әрбір мемлекеттік қызметші мен депутаттың қызметіндегі негізгі құқықтық бағдар екенін жеткізді.

Алдыңғы пост

АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ.

Келесі жаңалық

Лучших юных инспекторов дорожного движения определили в Туркестанской области.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі