elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ.

7 июля, 2026
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ.
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалық еткен аппараттық мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендердің сәулеттік келбетін қалыптастыруға және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер қаралды. Мәжіліске аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен жауапты сала жетекшілері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудандағы елді мекендердің сәулеттік келбетін жүйелеу және заңсыз құрылыс нысандарының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Бұл жөнінде Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысының орынбасары Сұлтанмұрат Нұрмұхаммед баяндама жасап, қолданыстағы талаптардың сақталуы мен бақылау шаралары туралы мәлімет берді.
Мәжілісте сондай-ақ Отбасының цифрлық картасы ақпараттық жүйесіндегі D және E санатындағы отбасылардың санын азайтуға бағытталған жұмыстардың барысы қаралды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асылбек Дауырхан атқарылып жатқан іс-шаралар мен алдағы міндеттерге тоқталып, әлеуметтік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе аясында орындаушылық тәртіптің сақталуы және аудан аумағында анықталған кемшіліктер сөз болды. Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Шәми Мағжан атқарылған мониторинг нәтижелерін таныстырып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.
Аппараттық мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі қаралған мәселелердің әрқайсысы бойынша нақты тапсырмалар беріп, жауапты бөлім басшыларына белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Алдыңғы пост

Полицейские Туркестанской области провели антинаркотическую акцию с участием 5 тысяч человек.

Келесі жаңалық

АТА-АНАЛАРМЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі