elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САУРАН АУДАНЫНДА «ИНВЕСТ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ.

10 июля, 2026
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Түркістан облысы
0
САУРАН АУДАНЫНДА «ИНВЕСТ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ.
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
  САУРАН АУДАНЫНДА «ИНВЕСТ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ.
Сауран ауданында «Инвест керуен» жобасы аясында аудан кәсіпкерлерімен жұмыс кеңесі өтті. Жиынға Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, мемлекеттік органдардың басшылары, кәсіпкерлер және инвесторлар қатысты.
Кеңестің негізгі мақсаты – аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысын талқылау, инвесторлардың құқықтарын қорғау, кәсіпкерлік қызмет барысында туындайтын мәселелерді қарау және оларды шешу жолдарын айқындау болды.
Жиында Сауран ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров аудан көлемінде іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың орындалу барысы туралы баяндама жасады. Баяндама барысында ауылдық округтердегі өндіріс алаңдарының жұмысы, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу және инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу деңгейі жан-жақты таныстырылды.
Кеңес барысында аудан прокуроры Алмаз Асылбеков кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде заң талаптарының сақталуы және мемлекеттік органдардың өзара тиімді іс-қимылы жөнінде өз пікірін білдірді.
Жиын қорытындысында қатысушылар тарапынан айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жобаларды уақытылы іске асыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Алдыңғы пост

ТҮНГІ РЕЙД: ЖАСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА.

Келесі жаңалық

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі