elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ЭКОЛОГИЯ, ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖӘНЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.

13 июля, 2026
in Uncategorized, Аймақ, Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ЭКОЛОГИЯ, ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖӘНЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ ЭКОЛОГИЯ, ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖӘНЕ ИНДИКАТОРЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров төрағалық еткен аппараттық мәжілісте ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер қаралды. Күн тәртібіне екі маңызды мәселе енгізілді.
Алғашқы мәселе бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды. Баяндаманы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сейденбек Ақселеу ұсынды. Мәжілісте елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу, сондай-ақ жылу беру маусымына дайындықты сапалы ұйымдастыру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Екінші мәселе бойынша ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Насыр Ербол индикаторлық көрсеткіштердің 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы орындалуы мен бөлімнің алты айда атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасады. Жиында жоспарлы көрсеткіштердің орындалу деңгейі сараланып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын міндеттер нақтыланды.
Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты бөлімдер мен сала басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Алдыңғы пост

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «Big arzan» САУДА ҮЙІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

Түркістан қалалық орталық ауруханасында алғаш рет мидың сол жақ маңдай бөлігінің каверномасын алып тастау операциясы сәтті орындалды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі