elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ АҚЫН-ТҰМА МЕКТЕБІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

12 ноября, 2026
in Uncategorized, Аймақ, Білім, Басты жаңалықтар, Таным, Түркістан облысы
0
ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ АҚЫН-ТҰМА МЕКТЕБІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ АҚЫН-ТҰМА МЕКТЕБІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Қарнақ ауылындағы Ақын-Тұма мектебінде ата-аналар, оқушылар және мекеме қызметкерлерімен тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің ұлттық құндылықтарды насихаттаушы маманы Б.Самбетов және «Достық үйі» КММ директорының орынбасары Ұ.Құлтай қатысты.
Жиын барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтау, ұрпақ тәрбиесіндегі рухани сабақтастық және қоғамдық келісімнің маңызы жөнінде ой қозғалды.
Кездесудің мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық тәрбие мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, рухани құндылықтарға деген құрметін арттыруда бірлесе жұмыстар атқару.

Отансүйгіштік – әрбір азаматтың туған жеріне, еліне, халқына деген шексіз сүйіспеншілігі мен құрметі. Отанды сүю – тек сөзбен емес, нақты іспен дәлелденетін қасиет. Өз елінің тарихын құрметтеу, мемлекеттік рәміздерді қадірлеу, ана тілін сақтау және ұлттық дәстүрлерді дәріптеу – отансүйгіштіктің негізгі белгілері.

Нағыз отансүйгіш адам туған елінің дамуына үлес қосып, қоғамның тыныштығы мен бірлігін сақтауға атсалысады. Ол өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етеді. Әсіресе, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу – маңызды міндеттердің бірі. Өйткені елдің болашағы білімді, тәрбиелі, отансүйгіш жастардың қолында.

Отансүйгіштік тек соғыс кезінде елді қорғаумен шектелмейді. Бейбіт күнде заңды құрметтеу, табиғатты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, халыққа қызмет ету де патриотизмнің көрінісі.

Туған жердің әрбір тасы мен табиғатын қадірлеу – азаматтық борыш. Бірлігі жарасқан, отанын сүйген халықтың болашағы әрдайым жарқын болады. Сондықтан Отанды сүюді әр адам өз отбасынан, туған жерінен және күнделікті ісінен бастауы керек. Өйткені Отан – әрқайсымыздың ортақ үйіміз.

Алдыңғы пост

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ.

Келесі жаңалық

ТӨРТКҮЛ ТӨБЕ МЕКТЕБІНДЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ноябрь 2026
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Окт    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі

imunify-bot-check