
ДІН МЕН ДӘСТҮР – ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗІ.
Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен №7 колледжде «Дін мен салт-дәстүр» тақырыбында рухани әңгіме өтті.
Іс-шараға «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ-нің ұлттық құндылықтарды дәріптеуші маманы Бейсен Самбетов пен теолог маманы М.Шермұхамбет қатысты.
Кездесу барысында дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ұлттық құндылықтардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы, салт-дәстүрді құрметтеу және жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, ұлттық болмысты сақтау, рухани мұраны қадірлеу және дәстүрлі құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру жөнінде мазмұнды пікір алмасу жүргізілді.
Мұндай кездесулер жастардың рухани дүн
