elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ, БОЛАШАҒЫМЫЗ АЙҚЫН

КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ, БОЛАШАҒЫМЫЗ АЙҚЫН

30 мая, 2022
in Uncategorized
0
КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛ, БОЛАШАҒЫМЫЗ АЙҚЫН
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Келешегіміз – кемел, болашағымыз айқын” тақырыбымен соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Физика-математика бағытындағы мектепте өткен іс-шараға оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар қатысты. Сонымен қатар, аталған жиынға арнайы қатысқан Шымкент қалалық мәслихатының хатышысы Бахадыр Нарымбетов мектеп ұжымы мен оқушыларды тағы бір оқу жылының аяқталуымен құттықтап, мектеп бітірушілерге сәттілік тіледі.
Биыл аталған білім ордасын тәмамдаған 143 түлек мектептің сегізінші түлектері болып саналады. Білім алған жылдарында көптеген жетістіктерге жеткен бұл бітірушілерге шет елдің 39 үздік жоғары оқу орындарынан 18 толықтай және жартылай тегін білім алуға жолдама келді. Жалпы көрсеткіш бойынша бітірушілер SAT халықаралық емтиханында жоғарғы нәтижеге ие болған. Оның ішінде бір оқушы SAT Reasoning бойынша бекітілген 1600 баллдың 1510-ын жинаса, енді бірі ағылшын тілінің халықаралық тестілеу жүйесі бойынша 9 баллдан 8,5 ұпайға ие болған.
— Бәрімізге белгілі, пандемия әсерінен 1 жылдан астам уақыт онлайн режимде оқыдық. Ал, биылғы оқу жылынан бастап дәстүрлі форматқа қайта көштік. Әлемдегі осындай өзгерістерге қарамастан білім беруге және алуға деген құлшыныстарыңыз бәрімізді тәнті етеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: “Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі” — деп, оларға ерекше назар аударуды тапсырып, осылайша 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялады. Иә, балалар – біздің болашағымыз! Тәуелсіз еліміздің ертеңі – білімді, денсаулығы мықты азаматтар болғандықтан, мектеп ұжымы мен ата-аналар ынтымақтастықта жұмыс істеп келеміз. Ол өз нәтижесін беретіні айқын, – деді мектеп директоры Индира Исмаилова.
Дәстүрлі форматта басталған 2021-2022 оқу жылы білім ордасы үшін табысты болған. Атап өтсек, 5 оқушы “Елбасы медалінің” иегері атанса, республикалық “Жас геолог” олимпиадасына қатысқан 5 оқушы да жоғары нәтиже көрсетіп, бірнешеуі халықаралық кезеңге жолдама алған. Президенттік олимпиададан 2, жасөспірімдер арасында өткен жаратылыстану-математика бағытындағы сайыстан 2 оқушы жүлде еншілеген. Сонымен қатар, әл-Фараби ғылыми байқаулар конкурсында 15 жоба жеңімпаз атанса, республикалық астрономия олимпиадасына қатысқан 5 оқушы да жүлдемен оралып, екеуі халықаралық кезеңге жолдама алды. Осылайша Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебі биыл еліміздегі “Үздік олимпиадалық команда” атанды.
Сондай-ақ, зияткерлік мектебінің ұстаздары да өз біліктіліктерін дәлелдеп жатқанын атап өту қажет. Мәселен, математика пәнінің мұғалімі халықаралық олимпиадада жеңіске жетсе, екі психолог маман республикалық сайыста “Үздік жыл психологы” атанды. Сонымен қатар, химия пәнінің мұғалімі жылдың “Үздік авторлық бағдарламасы” номинациясына ие болған.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Алдыңғы пост

М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

Келесі жаңалық

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі