elqorgany.kz
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
  • Әлем
  • Әлеумет
  • Экономика
  • Аймақ
  • Саясат
  • Мәдениет
  • Сұхбат
  • Тұлға
  • Фотоroom
No Result
View All Result
ELQORGANY.KZ
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Бірлігі мықты ел – берекелі ел

3 июня, 2022
in Uncategorized, Сұхбат
0
Бірлігі мықты ел – берекелі ел
0
SHARES
145
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығында алдымызда билік бөлінісіндегі тепе-теңдікті күшейту арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, елді одан әрі демократияландыру арқылы ашық әрі әділетті қоғам орнату, экономиканы дамыту және ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар пайдаланатындай жетілген әлеуметтік-экономикалық жүйе қалыптастыру, ал, ең бастысы, келер ұрпаққа өркениетті, іргесі берік, заманауи әрі озық мемлекетті мұра етіп қалдыру сынды ауқымды міндеттер тұр.

Осынау асқақ мақсатқа жету үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды реформалар қолға алынып жатыр. Бұл өзгерістердің негізгі алғышарттарының бірі – саяси реформалар. Себебі, саяси жүйені трансформацияламайынша экономика мен әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижелі болуы екіталай. Сол себепті Президент биыл наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында саяси реформаларға басымдық беріп, оның негізгі бағыт-бағдарын айқындаған болатын. Міне, саяси жүйеде жүргізілетін сол реформаларға берік құықтық негіз жасау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясының 33 бабына 56 өзгеріс енгізілгелі отыр.

Саяси реформаны Конституцияға өзгеріс енгізуден бастау өте көреген шешім деп есептеймін. Себебі, кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесін дамыту үшін алдымен соның бәрінің негізінде жатқан құқықтық жүйені талапқа сай етіп алуымыз керек. Ал, республиканың Негізгі Заңына осыншама ауқымды өзгеріс енгізу барысында оны Парламент арқылы бекітумен шектелмей, республикалық референдум өткізу – өте маңызды шешім болып отыр. Иә, өзгерістерді Парламент депутаттарының қарауына ұсыну арқылы да заңдастыруға болады. Бірақ, референдум бүкіл халықтың еркі мен ой-пікірін жеткізуіне кең мүмкіндік ұсынып отыр. Яғни, Конституцияны референдум арқылы жаңарту оның легетимділік қуатын арттыра түседі десек, артық айтқандық емес.

Референдумға шығыралып отырған өзгерістердің негізгі бағыт-бағдарынан көпшіліктің хабары бар деп ойлаймын. Олар Президенттің кейбір өкілеттіліктерін қысқарту арқылы, биліктің бір қолға шоғырлануының және саяси монополияның алдын алу, сөйтіп, суперпрезиденттік жүйеден президенттік-парламенттік республикаға айналу.

Сәйкесінше, Парламенттің ықпалын арттыру көзделіп отыр. Бір жағынан Мәжілістің заңшығарушылық функциясын күшейту көзделсе, екінші жағынан тікелей Мәжіліске есеп беретін Жоғары аудиторлық палата құру арқылы республикалық бюджеттің орындалуын бақылауды күшейту қолға алынбақ. Яғни, Мәжіліс бұрынғыдай заң жобасын мақұлдап қана қоймай, тікелей заңдарды қабылдайды. Сондай-ақ, Үкіметтің жұмысын қадағалап, одан халықтың атынан есеп алып отырады.

Сонымен қатар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мәслихаттардың рөлі мен өкілеттілігін күшейту арқылы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруді және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейтуді де көздейді. Соның айқын мысалы ретінде өлім жазасын қолдануға түпкілікті тыйым салу жөніндегі норманы атап айтуға болады.

Қорыта айтқанда, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум – еліміздің келешегін айқындайтын маңызды шара. Онда қабылданатын шешім әрбір азаматтың өміріне, тұрмыс сапасына және өзі мен ұрпағының келешегіне ықпал етері сөзсіз. Сондықтан барлық азаматтарды 5 маусым күні өтетін осынау тарихи шарадан шет қалмай, саналы түрде таңдау жасауға шақырамыз.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТ: ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Май 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Дек    
Elqorgany.kz ақпарат агенттігіне 2024 жылғы 7 наурызда "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" KZ28VPY00088862 куәлігі берілген.
Телефон: 8702555555
Почта: info@elqorgany.kz

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде elqorgany.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

verbum.kz ақпарат агенттігі